14 маусым күні Өскемендегі №23 орта мектептің 1-4 сынып оқушылары Солжағалық кешенде болды. Сирек кітаптар және иконажазу
бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Әсел Қаршалова оларға арнап паровозда шолу-танысу экскурсиясын жүргізді.
Балалар саябақтың барлық тамашасын қызықтап, зообақта, «Құнды мұра: қайнарлар мен дәстүрлер» атты экспозиция орналасқан киіз үйде болды. Балаларды әсіресе, Үлкен павильонда орын тепкен «Балалық шақтың бояулары» атты көрме ерекше қызықтырды. Оқушылар әскери техниканың сан түрі бар Әскери кешеннен де бей-жай өткен жоқ. Балалар осы тұсқа келгенде аялдап, өздері үшін ерекше танымдық дүниелер арқау болған әңгімелер тыңдады.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Алексей Мазницын.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|