Рухани жаңғыру және Өскемен мен Қызылорда қалаларының ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, Қызылорда қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылы тәрбиеленушілері тәрбиешілерімен музей-қорыққа барып қайтты.
01 маусымда, Шығыс-Қазақстан жерінде болған Қызылордалық тәрбиеленушілер бір күн Ақбауыр археологиялық кешенінде балды. Экскурсияны «Ақбауыр» бөлімінің меңгерушісі Галина Петенева өткізді. Қызылордадан келген келушілерге, ол үңгір жартастарындағы суреттерді, салттық алаңды көрсетіп, бұл кешен несімен қызықты және атақты екенін айтып берді. Келесі күні Қызылордалықтар Солжағалық музей-қорық кешеніне барды. Саяжай аумақтарын паровоздармен өтіп шығып, Этноауылда тоқтады. Экскурсия жетекшілері Гулбакыт Балтабекова және Риана Кудусова қонақтарды неміс, ұйғыр, грузин және тағыда басқа үй-жайлармен таныстырды.
Қызылорда қаласының «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының директорының орынбасары Гульнур Алшынбаева, «Керемет мұражай. Бізге Ақбауыр да, Солжағалық кешенде ұнады, танымдық экскурсия болды. Шығыс Қазақстанда болғанымызға қуаныштымыз» деп алған әсерімен бөлісті.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсіргендер Сергей Суров пен Алексей Мазницын.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|