Экскурсия барысында қонақтар аталған орынның геологиялық ерекшеліктерімен және рельефімен, пайдалы қазбаларымен, Ақбауыр орналасқан Қалба тауының өсімдік және жануарлар әлемімен танысты, Қоржынбай тауының беткейіндегі археологиялық ескерткіштерді, атап айтқанда, б.д.д. V-III мың жыл бұрынғы жартастарға салынған суреттерді, жартастардың бетіне ойып салынып, қола дәуірінен және ертеректегі темір ғасырынан қалған гранит қаңқаларды аралап көрді.
Сондай-ақ, олар ерте заманның адамдары рельефті пайдалана отырып, Күнді, Айды және басқа да астрономиялық нысандарды қалай бақылағаны, көктем мен күз мезгіліндегі айдың толысуын, жаз бен қыс кезіндегі күннің тұтылуын қалай байқағаны, күнтізбе жасап, маусымдық-күнтізбелік ғұрыптар мен салт-жораларды қалай өткізгені туралы әңгімелер тыңдады. Қонақтар сонымен қатар сақ тайпалары мекен еткен орынды археологиялық тұрғыдан аршу жұмыстарын және ол жерлерде археологтардың қалай жұмыс істейтінін көріп, сақтардың бірегей мәдениетінен хабардар болды.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|