• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары «Жамбыл саябағы үшін барлығына рахмет». 2019

«Жамбыл саябағы үшін барлығына рахмет». 2019

Жамбыл атындағы саябақта қалалықтар – балалар, жастар және үлкендер үшін жайлы демалыс сыйлауға бағытталған шаруалар жалғасын табуда.

Ендігі жерде мұнда ағаштардың арасын кезіп, жүре бермей немесе орындықтарда отыра бермей, спортпен  шұғылдануға да мүмкіндік мол. Алаңқайдың бетон қабырғаларына воркаутпен, атап айтқанда, көше  гимнастикасымен айналысуға арналған баптамалар (тренажерлар) орнатылған. Алаңқай түрлі спортпен айналысуға  болатын топтамаларының көптігімен таңғалдырады. Оны  қала жастары да бағалауда. Саябақта қосымша орындықтар да көбейе түскен, мұның өзі зейнеткерлер үшін нағыз демалыс орны болады деп күтілуде.

Көркі көз сүріндіретін гүлдер отырғызылған себеттер (вазондар) да жайғасып үлгерген. Ал балалар алаңы қосымша жарықтандырылатын болады. Жарықтандыру бекітімдері қойылған. Бұл мақсат үшін алаң жанынан шұңқыр қазуға тура келген, дегенмен оның өзі уақытша ғана еді, ол қазірде бетондалып тасталған.

Саябақтың ортасында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне арналған орын әзірленуде. Оның авторлары – алматылық белгілі мүсіншілер Сәрсен Сейітов пен Қазыбек Дулатов. Қазір олар ескерткішті дайындаумен айналысуда. Ескерткіш 2019 жылғы қыркүйек айының соңына қарай орнатылады деп жоспарлануда. Тура сол кезге қарай саябақтың абаттандырылуы да аяқталады деп күтіліп отыр.

Жүргізіліп жатқан ағымдағы жаңғыру жұмыстарына қарамастан, саябақ жабылмақ емес. «Мұның тіпті қажеті де жоқ, - дейді саябаққа үнемі келіп жүретін зейнеткер Майра Мұзафарова. – Атқарылып жатқан жұмыстар бізге еш кедергі етпейді, біз айналамыздың бәрі құлпырып келе жатқанына куә болып келеміз.  Жамбыл саябағы үшін барлығына рахмет!».

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …