• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Студенттер Абайдың өмірі мен шығармашылығы және шәкірттері жайлы жақынырақ білді.

Студенттер Абайдың өмірі мен шығармашылығы және шәкірттері жайлы жақынырақ білді.

16 қыркүйек күні сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашаку С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті тарих,филология және алықаралық қатынастар факультетінің студенттері үшін Солжағалық кешеннің кіші павильонында экскурсия өткізді. Олар болашақ журналистер еді.

Студенттер ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы танымдық әңгіме тыңдады. Нақ осы арада экскурсияға қатысушылар Абайдың шәкірті, халық ақыны Төлеу Көбдіковтің экспозициясымен таныстырылды. Ол 1874 жылы Қарқаралы уезіне қарасты (қазіргі ШҚО, Аягөз ауданының Баршатас ауылы) Даған болысында дүниеге келген. Ақынның анасы Қуандық қалың көпшілікке суырыпсалмалық  өнерімен белгілі болған адам. Ол Абайдың досы саналған, тіпті онымен сөз жарыстырып, айтысқа да түскен. Төлеудің өзі болса ақынмен бірнеше мәрте жүздесіп, өлеңдерін жазып алған және өзін Абайдың шәкіртімін деп санаған. Ол 12 жасынан өлең жаза бастаған. Оның сол кезеңдердегі өлеңдеріне  де, кейінгі, жасы келген шағындағы өлеңдеріне де туған жерге деген сүйіспеншілік арқау болған. Төлеу Көбдікұлы 1922 жылы куғынға ұшырап,   10 жыл Қарқаралыдағы түрмеде отырды, одан кейін қудалаудан қашып, бірер жыл Барнауылда тұрды. Тек 1940-шы жылы ғана туған еліне оралды.

        Студенттер экскурсия барысында халық ақынының  өмірі мен   шығармашылығына молынан қанықты.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Алексей Мазницын.


 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …