17 қазан күні музей-қорық қызметкерлері облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында өткен рухани келісім күні мерекесіне қатысты.
Аталған мереке шеңберінде Достық үйінің фойесінде «Шығыс Қазақстанның діни дәстүрлері» атты көрме ашылды. Онда музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімі музей-қорықтың қор топтамасынан алынған құранды, евангелияны, провославтық және католиктік икондарды, сондай-ақ, салттық бұйымдарды ұсынды. Көрмеде осылардың соңғысына жайнамазды, мұсылмандық, православтық және католиктік тасбиықтарды, ескідәстүршіл лестовкаларды, кадильница мен басқа да шіркеулік бұйымдарды жатқызуға болатын еді.
Көрмені ұйымдастырушылар сирек кездесетін артефақтілердің көмегімен өлкедегі әртүрлі діни конфессиялардың толеранттылығы мен аймақтағы бейбітшілік пен келісімді паш етуге тиіс еді. Олар аталған міндеттер үдесінен шыға білді. Бөлім меңгерушісі Гүлжан Кашаку мен аға ғылыми қызметкер Ольга Осерчева Өскемендегі көпбейінді технологиялық колледждің студенттерімен, дінбасылармен және басқа да көрмеге келуші- лермен дәріс-әңгіме өткізді.
Келушілер музей-қорық қорынан алынып, көпшілік назарына ұсынылған ШҚО сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жұмыстарының көрмесін тамашалады. Олар – ағаштан, былғарыдан, киізден жасалған бұйымдар және ұлттық мәнердегі кестелер, сонымен қатар қазақтың ұлттық тоқыма техникасында тоқылған бұйымдар. Көрмені бөлім қызметкерлері Жадыра Рахатова мен Максим Бемм ұсынды.
Діни келісім күніне арналған мерекені Шығыс Қазақстан облысының дін істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды. Достық үйінің үлкен залына жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова құттықтады. Одан соң әртүрлі конфессиялардың, ҮЕҰ-лардың, Шығыс Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан рухани музыка мен поэзия кеші бастау алды.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|