29 қазан күні ақпараттық-ағартушыық бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаева мен аталған бөлімнің қызметкері Анастасия Григорьева қазақ киносы мен театрының аңыз тұлғасы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, Еңбек Қызыл Ту және «Отан» ордендерінің иегері Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған іс-шара өткізді. Аталған мерейтой ЮНЕСКО аясында өтуде.
Әмина Өмірзақова (Ерғожинова. 1919-2006 жылдар) – біздің жерлесіміз, Қарауыл ауылында (қазірде Абай ауданының әкімшілік орталығы) дүниеге келген. Ол 1938 жылы Ленинград мемлекеттік театр институтының студенті бола жүріп, алғаш рет киноға түсе бастайды. Ол 1943 жылға қарай төрт фильмде, атап айтқанда, С. Герасимовтың «Комсомольск», М.Левиннің «Амангелді», Е.Аронның «Алып туралы ән» және «Ақ райхан» атты фильмдерінде эпизодтық және екінші дәрежелі рольдерді сомдап үлгерді. Алайда, Өмірзақованы жалпы жұртқа танымал еткен 1945 жылы экранға шыққан «Абай әндері» атты фильмдегі басты роль – Ажардың бейнесі еді. Ол онда тұңғыш рет басты рольде ойнады. Ол туынды Григорий Рошаль, Ефим Арон, Шәкен Айманов және Мұхтар Әуезов сынды белгілі мәдениет қайраткерлерінің атсалысуымен дүиеге келген болатын. Әмина Өмірзақова кеңестік кинематографтың бетке ұстарларының ортасында танымал бола бастады. 1963 жылы Әмина Өмірзақова А. Я. Карповтың «Ана туралы аңыз» атты фильмінде басты рольді сомдады. Аталған роль актрисаның өсу жолындағы ең бір жарқын кезең болса, ал фильм қазақстандық кинематографтың татымды жұмысының бірі болды.
Актрисаның 100 жылдығына бағытталған іс-шара Қазақстан-Американ еркін университетінің (ҚАЕУ) студенттеріне арналып, шатырдағы виртуалды залда өтті. Ондағы әңгіме «Ана туралы аңыз", «Тақиялы періште» және «Райхан ана» атты фильмдермен әдіптелді. Актриса бұл фильмдерде ана ролін ерекше тебіреніспен және жүректерге жеткізе ойнаған болатын.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Алексей Мазницын.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|