10 қаращада музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері орыс дәстүрлі мәдениетінің «Бастеньки» ансамблімен бірге атыс қаруын жасау жөніндегі орыс және кеңес конструкторы, әлемге әйгілі Калашников автоматын жасаушы Михаил Калашниковтың (1919 – 2013 жж.) туғанына 100 жыл толған мерейтойына арналған салтанатқа қатысып қайтты. Салтанат атақты қарушының туған жері – Алтай өлкесінің Курья селосында өтті. Михаил Тимофеевич Калашников 1919 жылдың 10 қарашасында дүниеге келген. Ол өзінің ең алғашқы өнертабысын әскер қатарында жүргенде жасады. 1941 жылы ауыр жараланып, госпитальда жатқан кезде оған өз қолымен автомат жасау идеясы келеді, Ол автомат арада біраз жыл өткен соң, 1947 жылы таныстырылды.
- Біз өткен жылы Курья селосында құрылған казак әндерінің «Сполох» ансамблімен танысқан едік, – дейді бөлім меңгерушісі Александр Яковлев. – Ансамбль Өскемендегі Достық үйінде болған «На Николу Зимнего» атты казак мерекесіне қатысқан болатын. Сол жолы біз алдағы уақытта атақты конструктордың 100 жылдығына арналып өткізілетін іс-шараға қатысу жайлы сөз қозғаған едік. Сөйтіп, Алтай өлкесі, Курья ауданының басшысы А.А.Купин аталған мереге қатысуға шақырту жіберіпті.
Сондай-ақ, биыл Курья ауданына 95 және бүгінде ауданның әкімшілік орталығы болып саналатын Курья селосына 270 жыл толып отыр. Аталған оқиғаларға арналған концерттік бағдарламалар мәдениет және өнер сарайында өтті. Олар аталған салтанатқа дейін Знамения шіркеуі мен М.Т. Калашников атындағы мемориалдық музейде болды. Александр Яковлев музей-қорық атынан Курья ауданының әкімшілігіне «Әлемге ашық музей» атты кітапты тарту етті.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Александр Яковлев.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|