• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Абайдың «Қара сөздері» челленджде оқылды Abai 175. 2019

Абайдың «Қара сөздері» челленджде оқылды Abai 175. 2019

Музей-қорықтың сирек кітаптар бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ольга Осерчева Әсел Қаршаловадан қазақ әдебиетінің ұлы классигі, ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған эстафетаны қабыл алды. Оның «Қара сөздері» ұрпақтарға бағышталған өсиеттің өзіндік жинағы іспетті. Ольга Николаевна 38-ші қара сөзден үзінді оқыды.

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Ол әуелі  надандық, еріншектік және залымдық – білім-ғылымның жоқтығы,  дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімге талпынбау хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Ол өз кезегінде талапсыздықты, жігерсіздікті, ұятсыздық пен кедейлікті тудырады.  Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.

Бұлардың емі халлақына махаббат, халық ғаламға шапқат, қайратты, тұрлаулы, ғадалат ісінің алды-артын байқарлық білімі, ғылымы болсын...   Сіздердің ісіңіз де бір жақсылық бина қылып,  арқа сүйерлік шеберлікпен болсын. Сенің де ісіңнен бір зарар шығып кеткендей болмай, көпке пайда боларлық бір үміті бар іс болсын. Бұларсыз іс іс емес. Бәлки бұларсыз тағат тағат та емес».

Эстафета аз санды этнотоптар бөлімінің аға ғылыми қызметкері Гүлнар  Мигражқызы Бекбердиноваға тапсырылды.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

 

                                                      Видео Алексея Мазницына

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …