Халифа Алтай мешітіндегі ислам мәдениеті музейінде қандай жәдігерлер сақталады? Өскеменнің көне шіркеулерінің бірі Стрелка ықшам ауданындағы Қасиетті Троицк храмы қай кезде тұрғызылған? Рим-Католик шіркеуіне Қасиетті Розарияның Қасиет қонған Дева Мариясының келуінің ерекшелігі неде? 2019 жылдың 5 желтоқсаны күні Өскемен қаласындағы №30 орта мектептің 8 сынып оқушылары олар туралы музей-қорықтың халықтар этнографиясы және аз санды этнотоптар бөлімінің меңгерушісі Татьяна Свахинаның ғибадат ететін нысандарға экскурсия барысында айтқан әңгімесінен естіп-білді. «Біздің қалада әлемнің басты үш дінінің ғибадат ету нысандары бар, - дейді Татьяна Евгеньевна, - біз көшпелі экскурсияларға қатысушыларды олармен үнемі кеңінен таныстырамыз. Бұл жолы оларды әр жерлерде: мешітте мешіт қызметкері Руслан Қанферов, Андреев соборында иеромонах Силуан (Могилев) және Рим католик шіркеуінің кіреберісінде о. Серафим мен Франческа әпке қарсы алды».
Оқушылардың ғибадат ететін орындарда болуы – алдымен өз өлкесінің, өз елінің тарихын танып-білуі деген сөз. Ол сан түрлі дін өкілдерінің шынайы достық пен келісімде өмір сүріп жатқан тірлігінен сыр шертеді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергея Суров.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|