2019 жылдың 15 желтоқсанында, жексенбі күні музей-қорықтың Солжағалық кешенінде қысқы маусым ашылады. Ол салтанатты жағдайда өтеді. Қазір кешен аумағында мұз айдыны жасалған, ал Халифа Алтай мешіті жағынан кіретін тұсында балалар спорт мектебінің сырғанаушылары өнер көрсетеді. Музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімі ойын-конкурстық бағдарлама аясында арқан тарту және ептілер байқауын өткізеді. Ал орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері көрермендер ортасында сырнай сазымен хоровод шырқамақ. Мерекелік бағдарламаға «Бастеньки» фольклорлық ансамблі қатысады. Жас келушілерді де небір көңілді шаралар күтуде. Олар үшін «Достар ортасында» атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылады. Ал «Шамаң жетсе, қуып жет» атты эстафетаға салтанатқа жиналған кез келген адам қатыса алады.
Қысқы маусым салтанаты Солжағалық кешенге мешіт жағынан кіретін басты кіреберістен алыс емес жерде ашылады. Сондай-ақ, осы маңда тағы бір алаң болмақ, ол әскери кешен жанында орын тебеді. Музей-қорық қызметкерлері мерекенің толыққанды және көңілді өтуіне атсалысады. Бұл тұрғыда мерекені ақ қарға бөккен ағаштар мен саф ауа да жандандырмақ. Бойы тоңазыған адамдарға самауырдың шәйі ұсынылады. Нақ осы жерде қолөнершілер өздерінің кәдесыйлық өнімдерін жайып салады. Мереке сағат 15.00-де басталады. Кіру тегін. Солжағалық кешен аумағындағы мұз айдыны сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал жексенбі және мереке күндері түнгі сағат 01.00-ге дейін істемек.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Алексей Мазницын.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|