Музей-қорық қызметкерлері 2019 жылдың 25 желтоқсанында Өскемен қаласының әкімдігіне қарасты №30 жалпы білім беретін мектепке «Шахтың інжу-маржандары» атты жаңажылдық ойын-конкурстық бағдарламасы енген көшпелі бағдарлама апарды. Кішкентай оқушыларға шах-падиша өзінің ханшайым қызымен алыс елден келіпті. Ол өзімен бірге әртүрлі ойыншықтар мен екі шырша ала келген екен. Сөйтіп, шырша маңында ерекше қызықтар басталып кетті: ханшайым алдағы жылдың символы – тышқанға айналып кетсе, Италиядан келген аспаз диджей бола алатын мүмкіндігі бар екенін көрсетті. Басты кейіпкермен бірге келген басқа да кейіпкерлер өздерінің дарындарын көрсетіп бақты. Балалар да, ересектер де мереке қызығына батты.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|