Тоғыз қаңтар күні музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратының залындағы святолық кеш ертеректе әжейлер мен атайлар шырқаған әндерді сырнайдың сүйемелдеуімен басталды. Содан кейін келгендердің бәрі шырша жанындағы хороводқа шақырылды. Музей-қорықтың орыс этнографиясы бөліміне «Дружане»фольклорлық-би ансамблі мен «Бастеньки» фольклорлық-этнографиялық ансамблі көмектесті. Аталған бөлімнің меңгерушісі Александр Яковлев сырнайда ойнады.
Әндер, билер және ойындар бөлім қызметкерлерінің облысымыздың ауыл-селоларын этнографиялық сапармен аралау барысында жинастырылып, өңделген, солайша олардың барлығы осы сынды кештердің арқауы болып келеді. «Мен Үлкен Нарын ауданында туып-өстім. Біздің дәл осындай кештерге баратынымыз есімде қалыпты, - дейді кешке келгендердің бірі Галина Жаңабаева. – Музей-қорықтың осындай дәстүрлерді жандандырып келе жатқаны тамаша екен. Жалпы, мұндайлар жайлы әсіресе, жастар көбірек білуге тиіс». Галина Михайловнаның жасы 70-тің мол ішінде болса да, ол оның көпшілікпен бірге хороводта билеуіне еш кедергі келтірген жоқ. Святолық кеште әр жастағы адамдар болды, олардың біреуінің мойындап өткеніндей, өзгелер билеп жатқанда қарап тұру мүмкін емес еді. 18 қаңтарда дәл осы жерде, Қ. Қайсенов көшесіндегі 67 ғимаратта өтетін «Шоқыну кешіне бір мәрте...» атты кеште де көңілді әрі қызықты болары анық. Келіңіздер!
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|