«Абайдың 175 жылдығын мерекелеудің бастауы». 2020 жылдың 22 қаңтары күні Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында өткен дөңгелек үстел отырысы осылай аталды. Оны сирек кітаптар бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырып, өткізсе, директордың ғылым жөніндегі орынбасары Гүлжан Кашаку отырысты жүргізіп отырды.
Дөңгелек үстел отырысына қатысушы жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тоқтарбек Мағзұмовтың пікірінше, жас жеткіншектерді жоғары зияткерлік деңгейде тәрбиелеу үшін Абайды танып-білу керек. Отырыста Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Б. Райысова, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы «Алтай археологиясы және мәдени мұра» атты музейдің директоры Ж. Қалимолдина және басқа да сөйлеушілер ұлы ақын шығармаларының мән-маңызы туралы кеңінен толғады. Отырысқа Өскемен қаласындағы №16 орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Аталған білім ордасының оқушысы Ақбота Қуанышқызы Абайдың алар орны турасындағы өз ойын айтып өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың музыка кафедрасының оқытушысы Ануза Жұмақанова Абайдың жалпы жұртқа танымал «Қараңғы түнде тау қалғып» («Горы дремлют в тёмной ночи») атты өлеңінің туу тарихы жайлы әңгімелеп, домбыраның сүйемелдеуінде орындап берді. Неміс ақыны Иоганн Гёте өз заманында «Ночную песню странника» («Wanderers Nachtlied») атты өлең жазған, оны белгілі орыс ақыны Михаил Лермонтов орыс тіліне аударса, арада жарты ғасыр өткенде Абай Құнанбайұлы қазақ тіліне тәржімалады. Сөйтіп, ол шын мәнісінде халықтық деңгейге көтерілді. Теледидар экранынан Абайдың Семей қаласындағы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының қызметкері Қуат Қиықбаевтан Абайдың үш тиекті домбырасы туралы алынған сұқбат көрсетілді. Дөңгелек үстел отырысында қазақ саз аспаптарын жасаушы шебер Қайрат Ыбыраев үш тиекті домбырада ойнады.
Сирек кітаптар бөлімі аталған мәжіліске қор топтамаларынан алынған көшпелі көрме әзірлеген болатын. Онда Абайдың кітаптары, саз аспаптары, сондай-ақ, ақын мен оның шәкірттерінің портреттері қойылды.
Музей-қорық – өткенді сақтаушы. Тоқтарбек Мағзұмовтың музей-қорық жәдігерлерін көрсете тұрып айтқанындай, «Өткенсіз келешек жоқ. Егер осылардың барлығы болмаса, біз әдебиетте, өнерде, ғылымда ешқандай жетістікке қол жеткізе алмас едік».
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.