«Шығыс Қазақстан шеберлерінің дәстүрлі бұйымдары» - деп аталатын саяхат көрмесін 11 ақпанда Өскемен қаласы әкімдігінің № 27 орта мектебінде музей-қорықтың халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі ұйымдастырды.
Көрмеге киізден, ағаштан, былғарыдан және басқа материалдардан жасалған түрлі техникалар ұсынылды. Бұл өнімдердің авторларының қатарында Катонқарағай ауданынан келген Гүлнар Қожамжарова, Семейден келген Жармақ Мұқажанов пен Елена Гуо Сун Чин, Өскемендік Мария Маркова және басқа шеберлер бар. Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің ғылыми қызметкері Жадыра Рахатова олардың жұмыстары мен өңіріміздің дәстүрлі қолөнері туралы айтты. Көрме Қазақстан халқының рухани және мәдени құндылықтарын дамытуға және арттыруға бағытталған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында өтті.
Музей-қорық баспасөз қызметі