Музей-қорықта «Польшаға арналған поляк суреттемелері» отырыстары болды. Оларды халықтар және азсанды этникалық топтар этнографиясы бөлімі және облыстық Достық үйінің поляк этномәдени бірлестігінің өкілдері ұйымдастырды.
Польшаға арналған кеш өте әсерлі өтті. Этномәдени бірлестігінің өкілі Валентина Фрышко поляк тілінде ән айтты. Олар халықтар және азсанды этникалық топтар этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Татьяна Свахинамен бірге қол ұстасып әндетіп би билеуге қатысып, халық ойындарын ұйымдастырды. Сондай-ақ Польшада танымал халық ән-ойыны «Лавата» өткізілді. Тіпті кездесуге қатысушылар танымал поляк әндерінің авторлары мен орындаушыларын тауып, поляк суретшілерінің суреттерінің жекелеген бөліктерінен пазлдар жинады. Сонымен бірге олар Ян Матейко, Теодор Аксентович, Иосиф Хельмонский және т.б. суретшілердің жұмыстарымен танысты.
Бұл 14 ақпанда, Польшада аталып өтілетін ғашықтар мерекесі, Валентин күні болғандықтан, ұйымдастырушылар осы күнге арналған мерекелік ойын өткізді. «Поляк суцреттемелерінің» соңында барлық адамдарға пісірілген поляк колачки және конвертикидің дәмін татуды ұсынды. Айта кету керек, Қ. Қайсенов 67 көшесіндегі музей-қорық залдарында поляк этнографиясы бөлмесі бар.
Музей-қорық баспасөз қызметі
Сергей Суров суреті
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|