Тағы да музей-қорықтың Солжағалық кешені бірге халық мейрамын атап өту үшін қала тұрғындарын қарсы алды. Осы жолы – Масленицаны.
Мейрам дүйсенбі күні өтті. 24 ақпанда православты христиандарда 1 наурыздан 18 сәуірге дейін болатын Пасханың алдындағы Ұлы Оразаларының алдында болатын бір жұмалық мейрамдары болады. Бұл күндері мерекедегі басты белгі - құймақ пісіріліп, көңіл көтеріледі.
Орыс этнографиясы бөлімінің ұжымы бөлім меңгерушісі Александр Яковлевпен бірге мерекеге арналған қойылымды тек көңілді ғана емес, сонымен бірге танымды етіп өткізді. Мерекенің жүргізушілері Марина Солонец пен Ирина Шувалова көрермендермен бірге әрбір жеті күн атауын айтып, осы күндері қандай дәстүрлер орындалатынын еске түсірді. Барлығы бірге дөңгеленіп билеп ойнап, осы мерекеге тән халық ойындары ойналынды. Қыс тұлыбын әкелді. Қыс мезгілінің соңғы аптасы өтіп, көктем келеді! Қойылым соңында салт-дәстүр бойынша, тұлып өртелінді.
Айта кету керек, облыстық Достық үйінің поляк және әзірбайжан этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Валентина Фрышко мен Айзере Мусинаның, сондай-ақ «Бастенки» және «Дружана» фольклорлық топтарының өкілдерінің өнерлері мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлады. Жақын жерде орналасқан дәмханада шаймен және құймақпен сый көрсетті.
Музей-қорық баспасөз қызметі
Алексей Мазницынның суреті
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|