#Abai175 Челленджінде 1888 жылы жазылған Абайдың «Желсіз түнде жарық ай...» өлеңі айтылады.
Оны музей-қорықтың халықтар мен аз санды этникалық топтар этнографиясын ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері Мирхат Шамшиев пен Іңкәр Құсайынова орындайды. Осы уақытта қазақ этнографиясы залындағы киіз үйде аға ғылыми қызметкер Гүлнар Бекбердинова мен этнолог Айжан Сайлаубекова Абай заманының костюмдерінде қазақ халқының тұрмысын бейнелеп сомдады.
«Абайдың көптеген өлеңдері лирикалық монолог түрінде жазылған», - дейді Гүлнар Бекбердинова. - «Айтым сел, Қаламқас» - «Желсіз түнде жарық ай» және басқа өлеңдерін ақынның өзі сазға түсірді. Міне, осылай оның тағы бір таланты ашылды! Әннің әуені желдің жеңіл демінен туындайтындай болды: тыныш және ойлы.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең» - деп Абай өлең жаған.
Гүлнар Мигражқызының айтуы бойынша, ХІХ ғасырда шығыста Абайдың лирикасына жетер болмаған. Бұл шынымен еуропалық деңгейдегі поэтикалық туындылар, өшпейтін көркемдік қуатқа ие.
Челленндж эстафетасы музей-қорықтың басқа қызметкерлеріне тапсырылды.
Музей-қорық баспасөз қызметі
Алексей Мазницын бейнеге түсірді