• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары «Біз біргеміз» қар тазалау челленджі

«Біз біргеміз» қар тазалау челленджі

Музей-қорық мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз біргеміз» деп аталатын қар тазалау туралы үндеуін қабылдады. Әйгілі қазақ әзіл-сықақшысы Тұрсынбек Қабатовтың бастамасымен Нұр-Сұлтан аулаларын тазарту бойынша челлендж өткізу болды.  Әртіс елорда тұрғындарына күрек алып, коммуналдық қызметкерлерге көмектесуді ұсынды.  «Еріктілер жылына арналған қисынды бастама», - деп Касым-Жомарт Токаев Twitter-інде жазды.

Өскеменде де астанадағы секілді қар жетерлік. Қарды тазарту жұмыстарын коммуналдық қызметтеркерлер қазірдің өзінде жүргізіп жатыр.  Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығы қарсаңында музей-қорық қызметкерлері соғыс ардагерінің ауласындағы қарды тазалауға көмектесті. Облыстық ардагерлер кеңесі Братская көшесіндегі жеке секторда тұратын Василий Андреевич Снегурдың ауласын тазалауды ұсынды. 26 ақпанда оған музей-қорықтың еріктілер қозғалысының өкілдері барды.

Василий Андреевич 93 жаста.  Новосибирск облысында дүниеге келген, 1944 жылы әскерге шақырылған, 1945 жылы Жапониямен соғысқа қатысқан. Ол 1951 жылы әскерден босатылып, бірден Қазақстанға ата-анасы тұрып жатқан жеріне келді. Ардагердің айтуынша, ол көлік депосында слесарь, содан кейін тексеру аппараттарында жұмыс істеген және зейнеткерлікке шыққанға дейін Защита станциясындағы жүк ауласының бастығы болып жұмыс істеген. Үйленген, жұбайы Юлия Гавриловнамен үш баласы болған. Қазір екі қызы мен немерелері бар. Ардагер арнайы жүруге арналған арбаның көмегімен ғана жүреді, көшеге шықпайды. Берілген көмекке өте разы болды. Қар көп жапқан. Музей қызметкерлері қоршау маңындағы аумақты тазалады. Жұмыс аяқталғаннан кейін ардагер Василий Андреевич Снегурға «Әлемге ашық музей» кітабы сыйға тартылды.  «Бізге бұл альбом өте ұнады», - дейді ардагердің қызы, отбасымен ата-анасымен бірге тұратын Татьяна Васильевна. - «Көмек көрсеткендеріңіз үшін және сыйлық үшін к музейге рахмет»

«Біз соғыс ардагерлерінің ауласындағы қарды тазалау эстафетасын облыстың барлық музейлеріне тапсырамыз», -  деп музей-қорық директорының ғылым жөніндегі орынбасары  Гүлжан Кашаку айтты.

Музей-қорық баспасөз қызметі

Алексей Мазницын суреті

 

                  

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …