Музей-қорық қызметкерлерінің қатысуымен #Abai175 челленджі жалғастырылуда.
Ұлы Абай қазіргі уақытта танымалдығын жоғалтпайтын шамамен екі ондықтан астам әуенді жарыққа шығарған. Абай Құнанбайұлы өзінің кейбір өлеңдерін музыкаға салды. Олардың ішінде «Көзімнің қарасы» лирикалық әні де бар,оның аудармасын белгілі ақын Мария Петровых жасады. Ол өлең аударылғанда «Ты зрачок глаз моих» деп аталады. Бірінші жолдары былай жырланады:
«Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы»
Музей-қорығының дизайн және халықтық сәулет бөлімінің сәулетші-дизайнері Полина Горячкина эстафетаны қабылдай отырып ән орындайды. Оған бас сәулетші Виктор Шевченко синтезаторда сүйемелдейді. Әнді С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Алтай жастары» студенттік телерадиостудиясының өкілдері бейнетаспаға жазған.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі