14 наурызда Өскемен және Семей епархиясы Орталық шіркеу-приходтық мектебінде Православиелік кітап күні атап өтілді. Аталған мерекеге орай Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Достары үшін жанын беретіндердің махаббатынан артық махаббат жоқ» атты тақырыптықконференция болып өтті. Конференцияда музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскері Владимир Щеглов «Біздің қаланың батырлары» тақырыбында баяндама жасады
Владимир Вадимович Кеңес Одағының Батыры атағын алған өскемендіктер жайлы баяндады. Мемлекет алдындағы жеке және ұжымдық еңбегі үшін берілетін бұл жоғары марапат 1934 жылы енгізілген болатын. Ал 1939 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батырларына арналып «Алтын Жұлдыз» медалі бекітілді. Қазақстанның 500-ге тарта сарбазы мен офицері осынау жоғары марапатқа лайық деп танылған-ды. Олардың арасында шығысқазақстандықтар басымырақ, атап айтқанда, олардың 109-ы біздің сарбаздар мен офицерлер.
Дәріс барысында аталған атақтың шығу тарихы жайлы қысқаша дерек беріліп, біздің 12 батырдың әрқайсысының ерлігі жайлы әңгіме қозғалды. «Ол батырлар бүкіл елге біздің шаһарымыздың даңқын шығарды, - деді Владимир Щеглов. – Олар өскемендіктерді асқақтатты, ал біздің оны төмендетуге ешқандай қақымыз жоқ». Баяндамашының пікірінше, голливудтық шытырман оқиғалы дүниелердің кейіпкерлері емес, нақ осылар біздің жастарымызды құдайшылық пен адами заңдылықтарға сай өмір сүруге тәрбиелеуі тиіс. Біз көзсіз батырларымыздың осындай тамаша қасиеттерін ұлдарымыз бен немерелеріміздің бойына сіңіруіміз керек. Тек соғыс үшін емес, әрі қарай өркендеп, жетіле түсу үшін. Жалпы бейбіт күнде де батырлық үлгілері болуы керек қой. В. Щегловтың дәрісі барысында слайдтар қолданылып, өскемендік Кеңес Одағының Батырларының портреттері көрсетілді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|