• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Зообақ жыл он екі ай жұмыс істейді.

Зообақ жыл он екі ай жұмыс істейді.

Келушілер үшін мұражай-қорықтағы өлке фаунасы бөлімі немесе Сол жағалаудағы хайуанаттар бағы

коронавирус жағдайына байланысты жабылуына қарамастан, жануарлар мен құстарға күтім жасау жұмыстары жалғасуда. 

Барлық жануарлар мен құстар қыстан аман-есен өтті. Құстар жылы бөлмелерде қыстап, әлі сонда тұр. Өлке фаунасы бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы Бауыржан Қажидаевтың айтуынша, сәуір айының ортасында өз «қыстақтарынан» бүркіттерді, ал ауа райы толығымен жылынғанда басқа құстарды да көшіру жоспарлануда. Ал қазір қаумалда бізді аюлар, қабандар, бұғылар, қодастар, түйелер және осы өлке фаунасының басқа өкілдері қарсы алды. Бір аю қар үстінде жатып, бетін табанына көміп, тыныш ұйықтап жатты. Аюлар бүкіл қысты апанда өткізетіні, аяқтарын сорып, жазда жинаған майды сақтайтындары бірден есіме түсті.  Бірақ мұнда аюдың арығанын байқамадым. Бауыржан Тұрсынғалиұлы түсіндіргендей, мал азығын жеткізу еш қиындықсыз жүзеге асырылады. Шөппен қоректенетіндер үшін шөп күзде дайындалып, ол жаңбыр мен қардан сенімді жабын астында тұр. Қыс мезгілінде жануарлар әлемінде өзгерістер болған жоқ. Қыста төлдеу болған жоқ, жабайы табиғатқа ешқайсысы бос жіберілген жоқ. Барлық жануарлар ветеринар дәрігердің бақылауында тұр. Әрине, олардың барлығы келушілерді сағынады. Мұны біз қаумалдардағы аюлар мен түйелердің, бұғылардың, тіпті қасқырлардың қарсы алған реакциясынан да байқадық. Сондықтан біз бәріміз төтенше жағдайдың тоқтап қалуын күтеміз. Айтпақшы, зообақтың маңында қар еріген жер болашақта көшеттер отырғызу үшін мұқият дайындалуда. Сондықтан жазда, әдеттегідей, гүлдер мен тоғандар бар әдемі жасыл ландшафт пайда болады.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

       

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …