8 мамыр күні музей-қорықтың ақпараттық-ағартушылық бөлімінің қызметкерлері Қасым Қайсенов атындағы сақбақтағы үндінің атақты жазушысы, ақыны, сазгері және суретшісі Рабиндранат Тагордың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
7 мамыр күні Рабиндранат Тагордың туғанына 159 жыл толды. Бөлім меңгерушісі Шынар Кәрібаеваның айтуына қарағанда, Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Прабхата Кумармен телефон арқылы сөйлескен екен. Онда Үндістанмен әріптестік бұл жолы онлайн тәртібінде жалғасып жатқаны атап өтілді. «Қазақстан үшін Абай қандай болса, Үндістан үшін Рабиндранат Тагор нақ сондай, - дейді Шынар Кәрібаева. – Үндінің ақын-ойшылы бүгінде Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдениетті жақындастыруға септігін тигізіп отыр.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|