• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Славян жазуы мен мәдениеті мерекесін қарсы аламыз

Славян жазуы мен мәдениеті мерекесін қарсы аламыз

2020 жылдың 24 мамырында әлем қауымдастығы славян жазуы мен мәдениетінің 1157 жылдығын атап өтеді.

 Нақ осы күні христиандық теңапостолдық әулие ағайындылар, славян әліпбиін жасаушылар, оңтүстік және шығыс славян тілдерінің тегіне жататын әдеби ескіславян тілінің негізін салушылар Кирилл мен Мефодийді еске алады. Христиандықтың ұлы уағызшылары IX ғасырда Македонияда (қазірде Грекия аумағы) дүниеге келген. Славян халықтарының басын біріктіру жөніндегі идея 894 жылдан кейін, славян тілі шіркеу мен мемлекет тілі болып жарияланғаннан соң Болгарияда туындады.

Музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ольга Николаевна Осерчеваның сөзіне қарағанда, музей-қорық қорында әулие Кирилл мен Мефодийге ұқсас иконографиялық бейнелер сақталған. Бұл икона «Алда кездесетін теңапостолды әулиелерді құтқарған» (1885 ж.) фряж хаты. Ол Мефодийдің қайтыс болғанына 1000 жыл толуы қарсаңында жазылған. Қағазда түрлі-түсті баспаханалық басылым техникасымен дайындалған, кесілген артқы жағы шпонды бүтін тақтайға желімделген. Әулиелердің қосылған иіндер астында тұрғаны бейнеленген, жоғарғы жартылай иілген тұсында «Менің қалаулыларым бостан-босқа еңбектенбейді» («Избраннiи мои неимутъ трудитися вотще") деген жазба бар. Бұл жерде сондай-ақ, «Словендік теңапостолды әулие мұғалімдер» (1975 жылдан кейін емес) атты фряждық хаттың иконалық репродукциясы да бар. Ол Мәскеу Патриархаты Орыс Православтық Шіркеуінің мұрындық болуымен славян жазуы мерекесін тойлау күніне орай шығарылған. Түрлі-түсті баспаханалық басылым техникасында әзірленіп, картонға желімделген және металл кермелі шыны кигізілген. Қорытындысында «Әулие, тең апостолды Кирилл мен Мефодий» иконасын суретші А.В. Черепанов 1989 жылы музей-қорықтың тапсырысы бойынша славян жазуының 1126 жылдығына арнап салған болатын. Онда ағаш, сымтемір, алтындау және темпера қолданылған. Ежелгі орыстық иконажазу дәстүрінде жасалған.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі


 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …