24 мамырда еске алатын әулие ағайындылар Кирилл мен Мефодий құдайға табынушылық кітабын алғаш рет грек тілінен ескі славян тіліне аударушылар болды.
Музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің аға ғылыми қызметкері, сирек кітаптар бойынша маман Ольга Осерчева айтқандай, музей-қорық қорында кирилл дәстүрі турасындағы кітаптар қорының ең үлкені, ескі славян әліпбиі негізінде басылған кітап сақталған. Олар ең алдымен XVII-XVIII ғасырларда ескі басылыммен жарық көрген кітаптар, XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қолжазбалар мен гектографикалық басылымдар, сондай-ақ, ескі славян – Остромиров Евангелий (1056-1057 жж.) тілінде қолмен жазылып, сақталған кітаптардың бірінші болып факсимильді еске түсіріліп. ескерілуі.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі «Минея дополнительная» кітабы 11 мамырға (ескі жүйе бойынша) Евангелийді оқу, таңдаулы әулиелік псалманы және басқа да теңапостолды ағайындылар құрметіне бағышталған әндерді орындау қызметі болып табылады. Топтамада XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі шіркеулік-славяндық әліпбидегі шағын қалыпты басылымдар ерекше орын алады. Олардың арасындағы ең бір қызықтылары мәскеулік Единоверцев (1885) баспаханасының, Ескісалтты кітап басылымының (1910), сондай-ақ, Христиан баспаханасының (1915) басылымдары.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі