Қоқиқаз қалай ұйықтайды және зообақтағы аю қалай қысқы ұйқыға кетеді?
Жыртқыш құстар қалай аң аулайды? Музей-қорық зообағы өлке фаунасы бөлімінің биологы Юлия Павленко экскурсия барысында осы және басқа да сауалдарға жауап береді. Өлке фаунасы бөлімі немесе зообақ қазір жұмыс істеуді және келушілерді қабылдауды бастады. Мұнда өлке фаунасының 279 өкілі бар. Олардың 24 түрі сүтқоректі жануарлар, 23 түрі құстар, 2 түрі бауырымен жорғалаушылар. Жануарлар мен құстар арасында қызыл кітапқа енгендері, былайша айтқанда жойыла бастағандары да бар. Соған орай зообақтар жануарлардың жоғала бастаған түрлері мен сирек кездесетіндерін қорғайтын генетикалық банк деуге де болады.
Зообақ бойынша жүргізілетін экскурсиялар тақырыптық және шолу түрінде болады деп күтілуде. «Мәселен, балаларға арналған «Мишаға қонаққа барғанда» атты тақырыптық экскурсия кезінде, - дейді биолог Юлия Павленко, - балаларға әр зообаққа келуші түскі ас мәзірімен танысатын «зообуфет» ұсынылатын болады. Осы тұста «Зообақ бойынша саяхат» және «Қанаттылар мен жүндестер» атты экскурсияларға тапсырыс беруге болатынын айта кеткіміз келеді. Сондай-ақ, «Орман ертегісі» атты театрландырылған қойылым көрсету де жоспарлануда.
Сіздер музейлік ИНСТАГРАМ парақшасынан музей-қорықтың Солжағалық кешенінің зообағындағы жануарлар жайлы тың әрі қызықты деректер алып, жаңа туғандарға қандай ат берілгенін біле аласыздар. Зообақ дүйсенбіден басқа күндері күн сайын, сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|