Музей-қорықтың ақпараттық ағарту бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаева мен бөлім маманы Анастасия Григорьева, мен бөлім маманы Олеся Байгунусова жыл сайын 31 мамырда аталып өтілетін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арнап «Қуғын-сүргін құрбандары» атты бейнедәріс өткізеді.
Дәріс барысында қуғын-сүргін туралы түсінік беріліп, оның Қазақстан аумағындағы кезеңдері, сонымен қатар Карлаг, Степлаг, АЛЖИР сынды еңбекпен түзеу лагерьлері орын тепкен аумақтары жайлы ақпараттар беріледі. Музей-қорық қызметкерлері саяси қуғын-сүргін кезінде жапа шеккен қазақ зиялылары А. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне қол жеткізу жолында ерекше роль атқарған басқа да ғылым және мәдениет қайраткерлері жайлы әңгімелейді.
Дәріс ортаңғы және жоғарғы сынып оқушыларына, колледждер мен ЖОО студенттеріне және жалпы ересек тұрғындарға арналған.
Бейнедәрісті музей-қорықтың ЮТУБ бейнехостингінің парақшасынан көруге болады: https://youtu.be/j-XlyeSxfZE
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|