Музей-қорықта қала тарихына қатысты көптеген бұйымдар сақталған.
Атап айтқанда олар: өткен 100 жыл бедерінде қала туралы жазылған сирек кітаптар, живописьтік туындылар және шаһар бейнеленген фотосуреттер.
Олардың қатарында ерекше дарын иесі болған суретші-акварельші Ш.Ы. Ыбыраевтың (1928-1993) живопистік жұмыстары молынан кездеседі. Мамандығы бойынша қаржыгер болған ол ұзақ жыл Шығыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасын басқарды, халық депутаттары облыстық Кеңесінің (1975 жылдан бастап) депутаты және облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы жанындағы кеңестің, сондай-ақ, Өскемен қаласындағы әуесқой-суретшілердің «Самородок» атты клубының мүшесі болды. Қазақ КСР-і еңбекшілерінің көркемөнер шығармашылығы фестивалінің (1976), 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40 жылдығына арналған (1985) Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауының лауреаты. 1957 жылдан бастап облыстық, республикалық және бүкілодақтық көрмелердің экспоненті.
Музей-қорықта Шәңгерей Ыбыраевтың 1954 – 1985 жылдар аралығында дүниеге келген 40 туындысы сақталған. Олардың жартысына жуығы ескі Өскемен мен оның маңайын көрсетуге бағытталған пейзаждар. Суретші ол жұмыстарды жазу барысында нақты тарихтан ауытқымау үшін төңкеріске дейінгі, атап айтқанда, 1909-1910 жылдары жергілікті өнеркәсіпші Стефан Горловтың баспаханасынан шыққан ашықхаттарды, тағы бір бөлігінде ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы архивтік фотосуреттерді негізге алған. Шәңгерей Ыбыраевтың шығармашылығында өлкелік тақырыптардың молынан орын алуына оның досы, тарихшы-мұрағатшы Станислав Евгеньевич Черныхтың ықпалы ересен болды. Музей-қорық акварель шеберінің көптеген жұмысына ие.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Алексей Мазницын
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|