• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Қазақстан халқының бірлігі мерекесін қарсы аламыз! 2021

Қазақстан халқының бірлігі мерекесін қарсы аламыз! 2021

2021 жылдың 29 сәуірінде этноауыл аумағында облыстық Достық үйі- қоғамдық келісім орталығының ұжымы шырша екті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай этномәдени ұжымдар отыз көшет отырғызды. Достық үйі директорының орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Равиль Юнусов атап өткендей, Өскеменде, Қазақстанның санаулы қалаларының бірінде, біздің республикамызды мекендейтін түрлі халықтың этнографиясы біріктірілген Этноауыл кешені бар. Музей-қорық Достық үйінің ұжымдарымен тұрақты түрде бірлескен жұмыс жүргізіп келеді. Сондықтан шырша көшеттерін отырғызу – музейге білдірілген символикалық алғыстардың бір парасы.

Солжағалық кешен аумағында жазға дайындық бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сенбіліктер өткізіледі, оған музей-қорық қызметкерлері де, кешенге келушілер де қатысады. Сенбілік кезінде гүлдер мен бұталар отырғызылады, орындықтар боялады, аумақтар санитарлық тұрғыдан тазаланады. Мәселен, бүгінгі күнге дейін Альпі төбешіктері жаңартылды, әскери техника ретке келтірілуде. Хайуанаттар бағында да қызу жұмыс жүріп жатыр. Солжағалық кешеннің бас әкімшісі Олег Николаевич Рояновтың айтуынша, кешен келушілерді қабылдауға дайын. Әрине,   карантиндік шектеулер алынып тасталса.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …