30 маусымнан бастап Жамбыл немесе Қасым Қайсенов атындағы саябақта серуендеуге келгендердің барлығы осы жерден кітап алып, оқи алады. Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиенбекованың айтуынша, бұл саябаққа балаларымен бірге келетін ересектерге де қатысты. Балалар серуендеп жүргенде ересектердің кітап алып, оқуларына болады. Жанат Мәуітқызының пікірінше, балалар әжесінің немесе ата-анасының кітап оқып отырғанын көріп, өздері де оқығысы келеді. Содан кейін кітапты қалалық кітапхана ұйымдастырған арнайы пункттерде қалдыру керек.
Мұның бәрі буккроссинг деп аталады (ағылш. Bookcrossing) және кітап таратуды немесе әлеуметтік желілер қағидаты бойынша әрекет ететін хобби — кітап айналымын және қоғамдық қозғалысты білдіреді. Буккроссинг идеясын интернет-технология маманы Рон Хорнбекер 2001 жылдың наурыз айында ұсынған. Буккроссинг – бұл кітаптарды еш мақсатсыз сөрелерде тұрудан құтқарады, білімді жетілдіру мен жаһандық әлемдік кітапхананы құруға негіз болады.
Кітапхана буккросингті не үшін қолға алды? Біріншіден, аталған форма бұрыннан бері қолданылып келеді, кітапхананың өзінде жұмыс істейтін «рахмет үшін» және айырбастау пункттері бұған дәлел бола алады. Тұрақты келіп тұратын оқырмандар бұл жерден өздеріне ұнаған кітаптарды алып оқиды.
Екіншіден, Жанат Мәуітқызы айтқандай, осылайша қала тұрғындарын кітап оқуға тарту көзделеді. Өйткені, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де кітап оқуды ерекше қолдайды.
«Бізде қала бойынша кітапханалар жүйесі бар, - дейді Жанат Жиенбекова. - Ал ірі сауда орталықтары мен мектептерде роллаппалар орнаттық». Роллапалар дегеніміз – қабырғалықты ыңғайлы сақтау және тасымалдау үшін сурет (постер) оралған, планкалы немесе планкасы жоқ негізден тұратын ыңғайлы ақпараттық һәм жарнамалық қабырғалықтар.
Сондықтан осы жазда музей саябақтарында серуендейтін адамдардың барлығы сол жерден көңілі қалаған кітапты алып оқи алады.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|