2021 жылдың қазан айының соңында музей-қорықтың бас ғимаратында Өскемендегі «Самал» саябағының көлемді макет-жобасының тұсаукесері өтті.
Ауқымы 1:450 болатын макет саябақ аймағының күрделі рельефінің ерекшелігін, биіктік алмасуын, Ертіс арнасы мен өзен ағысын көрсетеді. Макетте: спорт алаңы, қалалық жағажай, велотрек, иттерді серуендетуге арналған алаң, бұқаралық іс-шараларға арналған алаңдар көрсетілген. Заманауи көркемдік құралдар мен полимерлік материалдарды жоғары дәрежеде жете пайдалана отырып орындалған сәулет макеті спорттық-демалыс кешенін абаттандыру жоспарын анық көрсетеді.
Жоба жұмыстарын музей-қорықтың дизайн және халықтық сәулет бөлімінің барлық қызметкерлері атқарды, алайда негізгі шығармашылық жұмысты бас сәулетші Виктор Шевченко жасады. Бұл сәулетшінің ескі Өскемен қаласы, Орталық қалалық алаңы және музей-қорықтың Солжағалық кешені макетінен кейін жасаған төртінші макеті екенін айта кеткен жөн.
Жобаны музей басшылығы мен әріптестері, музей директорының орынбасары Әлия Муталимова және директордың экспозициялық-көрме жұмысы жөніндегі орынбасары Евгения Рахматулина жоғары бағалағаны қуантады. Жобаны Солжағалық кешеннің көрме залында көруге болады, ол қалалық Мешіт жанындағы Солжағалық кешеннің кіреберісінің алдында орналасқан.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Фото – Сергей Суров
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|