28 желтоқсанда Самал саябағында және Солжағалық кешен аумағында қысқы маусымның салтанатты ашылуы өтті. Негізінен қала тұрғындары мен қонақтары мұзайдындары мен мұз төбешіктерінің ашылуына шақырылды. Самал саябағында шаңғы жолы да жасалған.
Қала әкімі Жақсылық Омар қатысқан қысқы маусымның ашылуы бойынша негізгі салтанаттар Солжағалық кешенде өтті. Мұзайдынында «Звездный» мәнерлеп сырғанау клубының мәнерлеп сырғанаушылары Маргарита Мирошниченко мен София Мұхамедкаирова өнер көрсетті. Музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкері Жанбота Шерікбайдың орындауында жерлес ақын Қалқаман Сариннің поэтикалық шығармалары шырқалды. Ал орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев пен бөлім қызметкері Марина Солонец Аяз Ата мен Ақшақардың рөлдерінде атқа жегілген күймемен келіп барлық келушілердің алдында керемет өнер көрсетті. Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскері Ольга Савельеваның қатысуымен балаларға арналған ойын бағдарламасы да салтанатты түрде өтті. Ол үнемі өз бейнелерімен айналасындағыларды қуантады. Бұл жолы Ольга Михайловна күлкілі гном бейнесінде болды.
Солжағалық кешенде конькиді жалға беру пункті бар екенін айта кеткен жөн. Сондықтан барлық келушілер коньки тебе алады, мұнда оның кез-келген өлшемдері, соның ішінде балалар конькиі де бар. Өткен жылдағыдай мұзайдынынан әскери кешенге апаратын мұз жолдары туралы келушілер ерекше атап өтті. Бұл жолдармен сіз кешеннің түпкір-түпкірін конькимен жүріп қыдыра аласыз. Солжағалық кешендегі мұзайдыны қала тұрғындары мен қонақтарын күтеді.
Мұзайдыны таңғы сағат 10-нан кешкі 23-ке дейін жұмыс істейді. Бұл уақытта конькиді жалға беру пункті де жұмыс істейді. Барлығыңызды шақырамыз!
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Фотосуреттер Алексей Мазницын мен Сергей Суровтыкі
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|