жаңалықтары жаңалықтары "Музей түні-2022"

"Музей түні-2022"

2022 жылғы 18 мамырда ШҚО музей-қорығында Балалар жылына және ТМД елдерінің халықтық мәдениетіне арналған "Музей түні-2022" дәстүрлі акциясы болып өтті. Ашылу салтанаты сағат 18.00-де Қ.Қайсенов атындағы этнобақта бастау алған мерекеге С.Вивекананда атындағы (Нұр-Сұлтан қ.) үндімәдени орталығынан келген қонақтар, қаланың үздік балалар ұжымдары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, "Ертіс-концерттің" вокал орындаушылары қатысты. Кеш жүргізушілері Ж.Дәлелханов пен Ю. Павленко саябақтың орталық алаңында 2 сағаттық бағдарлама өткізді. Қонақтар – үндімәдени орталығының директоры (Нұр-Сұлтан) Санджай Веди мырза мен «Казцинк» ЖШС бас директорының сапаны бақылау жөніндегі кеңесшісі Дилип Джоши мырза құттықтау сөзін  сөйледі.

Сондай-ақ, көптеген көрермен үшін үндінің "масала" шайының дәмін тату, қала қолөнершілерінің жәрмеңкесі, шеберлік дәрістері және ұлттық тағамдар сатылымы ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шара саябақтың түрлі алаңдарын, музей-қорықтың көрме корпустарын және этноауылдарды қамтыды. Әрбір келуші осы жерде  этностардың бай мәдени мұрасы әлемін тамашалауға мүмкіндік алды. "Музей түні-2022" акциясының көрермендері қала тұрғындары мен қонақтары, балалы отбасылар, жастар мен егде адамдар, барлығы 1000-нан астам адам болды.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …