2022 жылдың 9 қыркүйегінде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ғалым-қатысушылар «Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешенінің аумағында болды. Топ жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, археолог З.С. Самашев әріптестерін Ақбауыр І, Ақбауыр ІІІ елді мекендеріндегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды
Конференция қонақтарының қатарында: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі – К.А. Ергалиев, саяси ғылымдар докторы А.М. Рахымжанов, философия докторы және Кембридж университетінің Фицутлям музейі директорының орынбасары Спенсер Нил және басқа да ғалымдар қатысты. Экскурсия барысында ұлттық тағамдардан дәм таттыру да болды.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|