• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Шығыс Қазақстан немістерінің "Видергебурт" мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығына арналған неміс мәдениеті фестивалі. 2022

Шығыс Қазақстан немістерінің "Видергебурт" мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығына арналған неміс мәдениеті фестивалі. 2022

2022 жылдың  10 қыркүйегінде  неміс мәдени орталығы музей-қорық қызметкерлерімен бірлесіп, музей-қорықтың Солжағалық  кешеніндегі этноауылда Шығыс Қазақстан немістерінің  «Видергебурт» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығына арналған неміс мәдениетінің фестивалін ұйымдастырды. Фестивальді Ольга Штрауб жетекшілік ететін камералық оркестр ашты. Мәртебелі қонақ – ақын, өлкетанушы, коллекционер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіров болды.

Еріктілерді, қоғам мүшелерін және неміс тілі мұғалімдерін біріктірген фестиваль  «Видергебурт» неміс мәдени орталығы директорының орынбасары Александра Шиллингтің алғысхаттармен марапаттауымен жалғасты. Іс-шара «Maiglöckchen» және «Светлый путь»  вокалдық топтарының, «Arabesk» және «Сириус» би ұжымдарының, Надежда Эрбес пен Анастасия Камалова сынды әншілердің өнер көрсетуіне ұласты. Іс-шара барысында құрметті қонақтардың - этномәдени бірлестіктер өкілдерінің және Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының басшысы Э.Т. Төлеубековтің құттықтау сөздері тыңдалды. Халықтар және аз санды этнотоптар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері неміс қоныс-үйінде музей-қорық қорынан көшпелі көрме ұйымдастырып, фотокүрке орнатылды. Прәндіктерді бояу, ағаш үйлерді құрастыру, балалардың    қолөнер бұйымдарын жасау бойынша тегін шеберлік дәрісі  өткізілді. Фестиваль неміс асханасының жәрмеңкесімен және шығармашылық көрмесімен аяқталды, онда қолдан жасалған қуыршақтар, атақты қазақстандық немістер туралы кітаптар ұсынылды.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …