2022 жылғы 20 желтоқсанда сағат 16.30-дан 19.00-ге дейін музей-қорықтың Солжағалық кешенінде мұз айдынының ашылуымен қысқы маусымның тұсаукесері өтті. Дәстүрге айналған іс-шараның негізгі мақсаты- тұрғындар арасында қысқы спорт түрлері мен спорттық өмір салтын насихаттау. Салтанатты шараға қала әкімі Жақсылық Омар, оның орынбасары И.Ф. Смит, журналистер қатысты. Мерекелік бағдарлама жас мәнерлеп сырғанаушылардың, Өскемен фристайлы жетекшілерінің, биік мүсіндер шоуының және музей-қорық қызметкерлері дайындаған хоровод, викторина, жарыса билеу бойынша өткізілген конкурс, сондай-ақ, "Бастеньки"фольклорлық-этнографиялық ансамблінің қойылымдарынан тұрды.
Музей-қорықтың Солжағалық кешенінде конькиді жалға беру пункті жұмысын қайта бастады. Қалаған адам кофе сатып ала алады. Мұз айдынына бару – демалысыңызды достарыңызбен және отбасыңызбен сәтті өткізудің тамаша мүмкіндігі. Мұз жолдары тура өткен жылдағыдай, мұз айдынынан кешенге терең енеді. Мұз айдыны таңғы 10-нан кешкі 23-ке дейін жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтарын күтеміз!
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Сергей Суров
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|