2023 жылғы 4 тамызда, қазақстандық медиаторлардың кәсіби мерекесі қарсаңында ШҚО музей-қорығының Солжағалық кешені аумағында "Бейбітшілік және келісім" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге музей-қорық әкімшілігінің өкілдері, ұжым мүшелері, сондай-ақ, "Шаңырақ" Шығыс Қазақстан медиация орталығының басшысы Е.А. Әбдрахманова, ШҚО бойынша облыстық соттың судьясы А.В. Володкина, бітімгер судьялар С.Ж. Данышпанова, А.С. Карманов, А.А. Қасенова, Ж.С. Қасенова, журналистер қатысты. Е.А. Әбдрахманова мен А.В. Тен ұжым алдында кіріспе сөз саптап, қазіргі қоғам жағдайында өзекті болып табылатын дауларды баламалы түрде шешу институтының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, А.В. Тен музей-қорықта кәсіподақ ұйымы, келісім комиссиясы жұмыс істейтінін, медиация орталығы оқытатынын және әдістемелік көмек көрсететінін, мұның бәрі даулы жағдайларды шешуге көмектесетінін атап өтті.
"Шаңырақ" медиация орталығынан ұжымда ерекше жұмыс жағдайын қалыптастырғаны үшін, сондай-ақ, "Дау-жанжалсыз аумақ құрғаны үшін" музей-қорық директорына салтанатты жағдайда алғыс хат табыс етілді.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|