Наурызнама аясында ШҚО музей-қорығында №35 орта мектеп оқушыларына арналған «Ұлыстың ұлы күні – ұлы той» атты іс-шара өтті. Балалар Наурыз мейрамының салт-дәстүрлері, «12 жылдық күнтізбе» – «12 жыл-мүшел» «Жыл қайыру», яғни 12 жыл бір айналым туралы мағлұмат алып, «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін тыңдады. Оқушыларға ұлттық ойындар, байқаулар мен викториналар өткізілді.
«Шабыт» жастар театрының орындауында «Қыдыр ата» театрландырылған қойылымы және О. Бөкейдің «Мезгіл әуендері» шығармасы бойынша қойылым көрсетілді.
Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының «Ақниет» ансамблі мен «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің «Қарлығашым» би ансамблі мерекенің қадірлі қонақтары болып, концерттік бағдарламаға қатысты.