Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары «Күмбірле, домбыра!». 2025

«Күмбірле, домбыра!». 2025

«ADK River» сауда орталығында Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле, домбыра!» атты мерекелік шара өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау, жастарды ұлттық мәдениетке баулу және қазақ халқының рухани мұрасын дәріптеу болды.

Бағдарламаға музыкалық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Шара қонақтары қазақ музыка өнері мен күйге арналған викториналар мен ойындарға қызығушылықпен қатысты, сондай-ақ домбыра пазласын жинады.

Шара аясында көрмеге қойылған, музей қорындағы танымал тұлғалар ұстаған домбыралар мен күйші-композитор, қазақ музыкасының жанашыры Уатхан Жүнісовтің ғылыми еңбектері көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Көрменің ұраны «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ –  домбыра!» мерекенің басты идеясына айналды.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …