Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары «Шығыс кәдесыйы» облыстық фестиваль-байқауы. 2025

«Шығыс кәдесыйы» облыстық фестиваль-байқауы. 2025

ШҚО музей-қорығында Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ,  «ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы» КМҚК және «ШҚО қолөнершілер ресурстық орталығы» ҚБ ұйымдастыруымен «Шығыс кәдесыйы» облыстық фестиваль-байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты – жергілікті халық қолөнері мен қолөнер кәсібін дамыту және насихаттау.

Фестивальге келушілерді концерттік бағдарлама, халық кәсіпшілігі бұйымдары мен кәдесыйлар жәрмеңкесі, тоқыма, саздан тоқу, кестелеу және басқа да қолөнер түрлері бойынша шеберлік дәрістері, аквагрим күтіп тұрды. Мерекеге келушілер түрлі-түсті кестеленген әшекейлер, шарфтар, ши тоқу, үй тұрмысына қажетті ойылған және боялған заттар, киіз киім, былғары аксессуарлар, тас пен металдан жасалған әшекейлер және басқа да қолдан жасалған бұйымдарды тамашалады. Фестиваль соңында облыстық байқаудың жеңімпаз шеберлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …