Мұражай-қорықтың «Біз – Қазақстан халқымыз» атты экспозициясында (Қ.Қайсенов көшесі, 67) ұйғыр халқының бірегей мәдениеті туралы сыр шертетін «Ұйғырлар» атты жаңа бөлім ашылды.
Экспозицияда ұйғыр әйелдерінің ұлттық киімі, музыкалық аспаптар – екі шекті дутар мен ысқылы бес шекті равап, ұйғыр суретшісі Хашимжан Құрбановтың қолынан шыққан сәнді бұйымдар назарға ұсынылған.
Хашимжан Құрбанов – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, «Ильхам» сыйлығының иегері, ҚР-дың еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысқан.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|