No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':orys-etnografiyasy-blm' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 172:orys-etnografiyasy-blm
Орыс этнографиясы бөлімі :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары Орыс этнографиясы бөлімі


«Жексенбі күні». 2017

2017 жылғы 16 сәуірде орыс этнографиясы бөлімі Қ.Қайсенов, 67 көрме залында православиелік Қасиетті Пасха мерекесіне орайластырылған «Жексенбі күні»... тұрақтандырылған көрмесін ашты. Көрмеде музей-қорықтың қор коллекцияларынан XIX - XX ғасырдың басындағы экспонаттар ұсынылды: белгішелерге арналған жалақылар, айқышқа шегелену, бүктеу, хоругви, шамдар, кресттер, сондай-ақ боялған заманауи ағаш пасха жұмыртқалары. Көрме үшін Орыс Православ Шіркеуінің Өскемен және Семей епархияларының өкілдері XVIII-XX ғасырлардағы литургиялық заттар, иконалар, діни кітаптар, діни киімдерді ұсынды. Көрмеге келушілер православие мерекелері туралы түсінік алып қана қоймай, христиан дінінің тереңдігін, оның тарихы мен қазіргі әлемдегі орнын жақсы түсінді.

 

Кенді Алтайдағы ескідәстүршіл орыс шаруаларының тұрмысы. 2017

Быт русских крестьян старообрядцев на Рудном АлтаеБыт русских крестьян старообрядцев на Рудном Алтае

2017 жылғы 21 қарашада Өскемен қаласы әкімдігінің «№103 шипажайлық балабақша-бөбекхана» МКМ-інде орыс этнографиясы бөлімінің қызметкері «Кенді Алтайдағы ескідәстүршіл орыс шаруаларының тұрмысы» тақырыбында театрландырылған этнографиялық көрініс өткізді.

Іс-шараға Емеля мен Марья-ісмер киіміндегі екі ертегілік кейіпкер қатысты. Этнографиялық  материал балаларға түсінікті болу үшін оны ойын үлгісінде өткізу қажет болды.

 

19 ғасырдың екінші жартысында – 20 ғасырдың ортасында Шығыс Қазақстан облысы аумағында болған самаурындар. 2017

2017 жылғы 8 желтоқсанда орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев «19 ғасырдың екінші жартысында – 20 ғасырдың ортасында Шығыс Қазақстан облысы аумағында болған самаурындар» атты жылжымалы қайырымдылық көрме ұйымдастырып, өткізді. Көрмеге «Н.К. Крупская атындағы мектеп-интернаттың» оқушылары қатысты. Көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. Мұнда музей-қорықтың қорлар коллекциясынан алынған «Самаурындар, табақтар және шайнектер» атты тақырыбы бойынша экспонаттар ұсынылған. Сонымен қатар, Р.Ю. Нечаев «Орыс шай машинасы» (самаурын тарихы) тақырыбына төрт қайырымдылық дәріс оқыды. Дәріс барысында фото мен бейне материалдар көрсетілді. Оқушылар өткен ғасырлардың материалдық мәдениеті тарихы жайында көп ақпарат алды. Мұғалімдер өткен іс-шара жайында жақсы пікір қалдырды.

 

Тұрақты экспозициялар бойынша таныстыру экспозициясы. 2016

К 25-летию Независимости2016 жылғы 15 желтоқсанда орыс этнографиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.С. Мышко мен осы бөлімнің ғылыми қызметкері Р.Ю.Нечаев ҚАЕУ колледжінің «Туризм менеджменті» мамандығы бойынша оқитын студент-практиканттары үшін «Жастар» саябағының этноауылындағы тұрақты экспозициялар және Қ.Қайсенов көшесі, 67 ғимаратындағы көрмелер бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді.

 

«Теңге – Қазақстан игілігі». 2016

К 25-летию НезависимостиФото с лекции Тенге – достояние Казахстана2016 жылғы 29 қарашада орыс  этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев жалпы білім беретін № 30  мектептің алтыншы сынып оқушылары үшін «Теңге – Қазақстан игілігі» тақырыбында ақылы екі лекция оқыды, іс-шара Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы көрме залындағы аттас тұрақты көрме бойынша өткізілді. Бұл көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, «Жиырма бес жұлдызды күн» айлығы аясында ұйымдастырылған болатын.

 

ХIХ ғасырдағы құлыптар коллекциясы мұражай қорын толықтырды. 2016

Коллекция замочков ХIХ века пополнила музейные фонды. 2016Коллекция замочков ХIХ века пополнила музейные фонды. 2016

Құлыптар өткен дәуір артефактісіне айналмас бұрын, тікелей мақсатта пайдаланылды: шабадандар мен қобдишалардың ішін бөгде адамдар көрмес үшін құлыптап қоятын.  

  –  Коллекция құрамына 40 бұйым кіреді, бұл ХІХ ғасыр соңымен мерзімделетін, патшалық Ресейде жасалған аспалы құлыптар мен кілттер. Көбінде мануфактура иелерінің аттары сақталған. Мысалы, Семен Рыженьков, Костянкин Рыженьков, Михаил Акирьев және басқалары. Құлыптар мыс қорытпалардан жасалған, негізінен шалқан сипатты, жапқыш механизмі – сувальдты, – деді ШҚО мұражай-қорығының ғылыми қызметкері Наталья Честнейшина. 

 

Мұражай-қорықта Кенді Алтай омарташылығын дамытуға арналған көрме ашылды. 2015

ПчеловодствоПчеловодство

МИХАЭЛИСТІҢ АРА ҰЯСЫ ЖӘНЕ СӨЗДЕРДЕН ЖАЗЫЛҒАН ПОРТРЕТ

Қызықты экспозицияны бүкіл әлем болып жинадық десе де болады. Мұражай жәдігерлерінен басқа, өздерінің артефактілерімен «Пасека» шаруа қожалығы және ауыл шаруашылығының Шығыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты бөлісті.  

 – «Пасека» шаруа қожалығы бізге 20-ға жуық жәдігер, сондай-ақ қазіргі заманғы нұсқадағы араның ұясын беріп жіберді. ШҚ АШҒЗИ-ден жылжымалы павильонның мына макеті келді, мұндайды 60-шы жылдары табиғи көлемді омарталар ғана тасыған. Мына тағы бір сирек жәдігер де сол жерден – 18 ғасырдың соңында 19 ғасырдың ортасында өмір сүрген, жиекті омартаны ойлап табушы, атақты орыс омарташысы Петр Прокоповичтің портреті. Есімі өкінішке орай белгісіз, омарташы-әуесқой оны Петр Ивановичті білген адамдардың сөздерінен жазып алғанымен қызықты – деді ШҚО МҚ ғылыми қызметкері Наталья Честнейшина.

 

 

Мәдени сенбілік, «Троицаға жан-жақтан жиналған мереке». 21 маусым. 2013

Орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері, мұражайдың «Бастеньки» фольклорлық ұжымы Глубокое, Зырян, Шемонаиха, Ұлан аудандары мен Өскемен қаласының  фольклорлық ұжымдарымен бірлесіп ұйымдастырады.

Бағдарламада: троицалық салттар (қайың сындыру, өкіл әке-шеше болу), ән айтып өту, хоровод, мерекелік дәстүрлі тағамдар (Ұлан ауданы, Таврия селосы).

 

Орыстың дәстүрлі үйлену тойы. 2013

«Үйлену тойының кереуені»«Жастарды күйеу жігіттің үйіне кіргізу»20 қыркүйекте орыс этнографиясы бөлімі «Орыстың үйлену тойын» өткізді. Кенді Алтайдағы орыстардың дәстүрлі үйлену тойының рәсімдері «Бастеньки» орыстың дәстүрлі мәдениеті ансамблінің,  өнер мектебінің «Шабыт» балалар фольклорлық ансамблінің,  Прялица»,  Украинка ауылының «Червона калына» украин ансамблінің қатысуымен өтті. Украинка орта мектебі үйлену тойының ат-арбасын дәстүрлі безендіруімен дайындап үлкен көмек көрсетті.

 

Масленицадағы көше қызықтары. 2015

Фото - Уличные забавы на Масленицу. 2015Фото - Уличные забавы на Масленицу. 2015Шығыс Қазақстан облыстық мұражай-қорығының орыс этнографиясы бөлімі 12 - 26 ақпанда Ертістің сол жағасындағы этнодеревняда костюмдендірілген іс-шара өткізді.  Өскемен қаласындағы №№ 25, 29 и 30 мектептердің 0-7 сыныптарының оқушыларына арналып, халықтық Масленица мерекесіне орайластырылған бұл іс-шара музыкалық жағынан сүймелденіп өткізілді. Іс-шара балаларды ескі халықтық дәстүрлермен таныстыру үшін ұйымдастырылды. Іс-шара бағдарламасында «Алаула, алаулай түс жарқырап», «Блин беріп жібер», «Трифон ағай» деген ойындар, Масленица тұлыбының айналасында хороводпен айналу,  сібірткі мініп жарысу, блиндерден дәм татқызу, Масленицаның тұлыбын өртеу жоралғылары болды. Балалар бұл іс-шарадан ерекше әсер алып, мәз-майрам болып тарасты.

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Пользователи : 830
Статьи : 3020

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …