No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':aartu-zhne-kpshlk-zhmyspen-blm' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 227:aartu-zhne-kpshlk-zhmyspen-blm
Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі :
 

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі


Дала үні: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы. 2026

ШҚО этнографиялық музейінде ұлы ақынның мерейтойына арналған «Дала үні: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараға облыстық Пушкин атындағы кітапхана қызметкерлері, Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж студенттері, Достық үйінің «Ақ босаға» халық ансамблі, «Белес» фольклорлық ансамблінің солистері шақырылды. Тақырыптық таныстырылым, Жамбылдың өлеңдері, халық әндері, домбыра тарту, ақынға арналған кітаптар туралы әңгіме – мұның бәрі кездесудің лирикалық атмосферасын қалыптастырды. Қатысушылар іс-шараның жай ғана тыңдаушылары ғана болмай, Жамбылдың шығармашылық жолы туралы әңгімеге белсене қатысты.

 

2025 жылғы 1 қазанда музей-қорықта Халықаралық қарттар күніне орайластырылған "Ұзақ өмір сүрудің сыры" атты мерекелік іс-шара өтті. 2025

2025 жылғы 1 қазанда музей-қорықта Халықаралық қарттар күніне орайластырылған "Ұзақ өмір сүрудің сыры" атты мерекелік іс-шара өтті.

Бұл күні еңбек ардагерлеріне көптеген жылдар бойы музейдің дамуына баға жетпес үлес қосқан және осы жерде өзінің кәсіби жолын аяқтаған адамдарға жылы лебіздер айтылды.

Мереке қонақтары әртістермен бірге сүйікті әндерін қуана орындады. Жылы және жанды атмосфера барлық қатысушылар үшін нағыз сыйлық болды.

 

«Жеңіс мұрагерлері». 2025

2025 жылғы 9 мамырда сағат 14.00-де Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының Солжағалық кешенінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс мұрагерлері» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара бағдарламасына қаланың әскери бөлімдерінің, ШҚО қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Мереке әсерлі эмоциялар тудырып, көрермендердің әрқайсысының жүрегінде терең ой қалдырды. Мерекелік бағдарламада облыстық филармонияның солистері және қаланың көркемөнерпаздарының ұжымдары қатысты.

 

«Ух, қақаған қыс!». 2025

Желтоқсан айынан бастап ақпан айына дейін музей-қорықтың Солжағалық кешенінде «Ух, қақаған қыс!» атты театрландырылған сайыс-ойыны өткізілуде. Бағдарламада спорттық жарыстар, шырша маңында хоровод айналу мен театрландырылған ойындар бар. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге Аязатаға хат жазып, Аязата резиденциясына экскурсия жасайды.

 

22 мамыр – «Әкем – тірегім, анам – жүрегім!». 2025

ШҚО музей-қорығында «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы аясында 22 мамыр – «Әкем – тірегім, анам – жүрегім!» «Отбасылық құндылықтар үйлесімділігі» сайыс-ойын бағдарламасы өтті. Оған музей қызметкерлері балаларымен бірге қатысты. Іс-шараға қатысушылар викторина сұрақтарына жауап беріп, эстафеталарға, күш пен тапқырлық ойындарына қатысып, би биледі. Барлық балаларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Балалар мен ата-аналар  іс-шарадан ерекше әсер алып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

 

«Гүл патшалығында қонақта». 2025

Этнографиялық музей-қорықтың Солжағалық кешен аумағында қаланың мектеп жанындағы лагерьлеріне арналған «Гүл патшалығында қонақта» атты театрландырылған сайыс-ойын бағдарламасы өтуде. Саябақта балалар этноауыл иесі және юнгамен бірге ішіне тапсырмалар жасырылған түймедақты табады. Бұл тапсырмалар қатысушыларды сайыстар мен ойындар саяхатына жетелейді. Балалар музейде көптен күткен демалыстың алғашқы күндерін қуана өткізуде.

 

«Есірткіге жол жоқ». 2025

ШҚО музей-қорықтың мамандары ШҚО полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткіге қарсы бағыттағы және салауатты өмір салты айлығы аясында «Есірткіге жол жоқ» қалалық акциясын өткізді. Іс-шараға №47 орта мектеп кадет сыныбы мен қала тұрғындары қатысты. Балалар есірткінің өсіп келе жатқан ағзаға әсері, сондай-ақ, халық арасында есірткінің қазіргі заманғы таралуы туралы ақпаратты тыңдап, тақырыптық бейнеролик көрді және сұхбатқа қатысты. Содан кейін музей және полиция қызметкерлері мен оқушылар қалалық саябақтарды және Арбатты аралап тақырыптық буклеттер таратып, жастарды денсаулық үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.

 

"Масленица көктемді еріп келеді". 2023

ШҚО музей-қорығының ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының орта мектеп оқушыларына арналған "Масленица көктемді еріп келеді" атты театрландырылған танымдық іс-шара өткізеді. Мереке Масленица апталығында өтетін халықтық мерекелердің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қамтиды. Залдың дизайны іс-шараның тақырыбына сай келеді, мұнда музей-қорықта мұқият сақталған жәдігерлер қойылған.Театрландырылған іс-шараның  басты кейіпкерлері – отана Люкерья, Кузьмич ата, сондай-ақ, Масленицаның басты символын сиқырлы дайындау нәтижесінде өмірге келген Құймақ балалармен қызықты ойын-күлкілер, аңыздар, мақал-мәтелдер түрінде ақпаратпен бөліседі. Құймақ жайындағы хороводтар, өлеңдер, халық ойындары мен частушкалар нағыз көпшілік  мерекелердің ауанын жасайды. Іс-шара екі апта бойы өтеді, осы уақытта мерекеге 300-ден астам бала қатысады.

 

«Даңқты Салтанда қонақта». 2024

2024 жылдың 24 және 25 сәуірінде музей-қорық әдіскерлері Жер күніне арналған «Даңқты Салтанда қонақта» атты театрландырылған танымдық іс-шара өткізді. Ертегі кейіпкерлері – лақап аты Ясик деген күшік, Салтан патша, үндістердің көсемі Виниту балалармен экологиялық акция өткізді, оның лейтмотиві туған өлкенің флорасы мен фаунасына деген сүйіспеншілік болды.

 

«Жинал, қауым, Масленица келе жатыр». 2024

Музей-қорықта Масленица мерекесіне орай  «Жинал, қауым, Масленица келе жатыр» атты театрландырылған танымдық іс-шара өтуде. Оларда Сайқымазақ, Масленица, Қыс және Көктем сынды бас кейіпкерлер балаларды Масленица дәстүрлерімен таныстырады. Халық ойындары, билер, частушкалар, викторина – мұның бәрі қысты шығарып салу мерекесіне жарқын реңктер сыйлады. Іс-шараға Өскемен қаласының оқушылары қатысты.

 

Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі Өскемен қаласының №8 орта мектебінің жауынгер-интернационалист Ю.Г.Троеглазовты еске алуға арналған іс-шарасына қатысты. 2023

2023 жылғы 22 ақпанда ШҚО музей-қорығы  ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі әдіскері Ә.М. Құмарбеков Өскемен қаласындағы №8 ОМ-да Ауғанстандағы соғысқа қатысып,  бөтенел халқының тыныштығы үшін өмірін қиған интернационалист-жауынгер Ю.Г. Троеглазовты еске алуға арналған іс-шараға қатысты. Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарылған кезден бері 34 жыл өтті, бірақ сол бір күндерді еске алу әлі күнге дейін жүректерге салмақ салып келеді.

Ю.Г.Троеглазов №8 орта мектептің оқушысы болды және ол сол кезде бүгінгі күні осындай маңызды іс-шараға ерекше көңіл бөліп, салтанатты түрде қатысқан осынау балалардан сәл ғана үлкен еді. Музей қызметкері "Ауған қопарылысы" атты көрменің жәдігерлерін  ұсынып, ауғандық жауынгерлер туралы баяндама әзірледі. Оқушылар арасында интернационалист жауынгерлер, сол біроқиға куәгерлері де болды. Мұндай бірлескен кездесулер ешқашан да мән-мағынасыз  өтпейді, олар балалар бойында өздерінің даңқты жерлестерініңерлігі мен табандылығына деген мақтаныш сезімін тәрбиелейді.

 

«Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке». 2024

2024 жылғы 12 – 20 наурыз аралығында музей-қорықта «Наурыз тойы мереке, салт-дәстүрім береке» атты театрландырылған танымдық бағдарлама болып өтті. Іс-шараға Наурыз мейрамын қарсы алудың театрландырылған үлгілері ұсынылып, оларға қаладағы орта мектептердің оқушылары қатысты. Жүргізушілер балаларға мерекенің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы айтып берді. Балалар басты кейіпкерлермен бірге ертегілер әлеміне еніп, қазақтың халық ойындарын ойнады, байқауларға қатысты.

 
  • «
  •  Босының алдындағыірінші 
  •  Осының алдындағы 
  •  1 
  •  2 
  •  3 
  •  4 
  •  5 
  •  6 
  •  7 
  •  Келесі 
  •  Соңғы 
  • »


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пайдаланушылар : 830
Мақалалар : 3082
Материалдарды қарау : 39034983

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...