Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» атты жалпыреспубликалық акция аясында өткізілді. Оқушылар лекция барысында танымал жазушы Оралхан Бөкейдің «Желтоқсан желі» атты пьесасымен танысты. Оқушылар назарына шығысқазақстандық суретшілер салған О.Бөкейдің кескіндемелік және графикалық портреттерінің фоторепродукциялары ұсынылған.