Ішкі шағын ауланың айналасында салтанатты орынжай, фестон тәрізділенген аркамен және сәндік дуалдармен өзара байланастырылған екі жартылай жабық терраса мен жан-жағы ашық күркелі екі сәкі орналасқан.
Тікбұрышты салтанатты орынжай, төртқырлы мұнара (гапурам) болып бітеді. Ағаш терезелерінің ирек тісті жақтауы (фриз) бар. Ол кинозал ретінде пайдаланылады.
Жартылай жабық террасалардың қоршаулары сәнді, төбесі жайпақ. Жайпақ төбеге сүйір ұшты шағын мұнаралар (чаттри) орнатылған, олар пілдің арқасындағы зембілді (паланкин) елестетеді.
Ішкі шағын аула тікбұрышты келген, оның Қазақстан мен Орта Азияда «бадам», Иран мен Үндістанда «бута», «бути» деп аталатын элемент – шығыс қияры түріндегі сәндік гүлзарлары бар.
Кіру тобы ирек тісті аркалары мен мұнарасы – гапурамы бар діңмаңдайша түрінде берілген.
Фото Алексея Мазницина
< Предыдущая |
---|