• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
солжағалық кешен оқиғалар хроникасы
оқиғалар хроникасы

2002 ж. – Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайына Ертістің Сол жағасындағы оқу комбинаты 6,7 га аумағымен қоса берілді. Кезінде мұнда зообақтың хайуанаттарына арналған қыстамалар мен жылыжайлар орналасқан.

2006 ж. – Солжағалық кешенге қосымша 27 га жер бөлінді. Мұнда айтарлықтай жұмыс жүргізілді: 200 КамАЗ топырақ (1000 тонна), 30 КамАЗ жартастық тау жынысы (150 тонна) тасып жеткізілді, 300 түп самырсын, 50 ағаш (шырша, қайың, шетен) отырғызылып, 2 қалалық үй тасымалданды, шеген үйлер құрастырылды.

2008 жылғы 24 қазан –  Солжағалық кешенде зообақ салтанатты түрде ашылды.

2010 жылғы 8 мамыр – Азат етуші-Сарбаз Ескерткіші (авторы – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Владимир Борисович Самойлов) және Әскери кешенде әскери техника аллеясы ашылды.

2010 жылғы 9 мамыр – ботаникалық саябақта бұрқақтар орнатылған 10 жасанды су айдыны іске қосылды.

2010 жылғы 4 тамыз – Солжағалық этнографиялық кешен құрылысы басталды.

2010 жылғы 7 қыркүйек – Солжағалық этнографиялық кешенде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев болды, кешен салтанатты түрде ашылды.

2010 жылғы 8 қыркүйек –Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аймақаралық ынтымақтастығының ҮІІ Форумына (2010 жылғы 7-8 қыркүйек) қатысушылар Солжағалық этнографиялық кешенде болды.

2010 ж. – көрмелік Кіші павильон салынды.

2010 жылғы 21-23 қазан –  музей-қорықтың Солжағалық кешенінде дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері (Австрия Республикасынан – Төтенше және Өкілетті елші Урсула Фарингер ханым, Вьетнамнан – Төтенше және Өкілетті елші Ву Тхе Чиеп мырза, Ирак Республикасынан – Раджих Сабир аль-Мусауи мырза, Польша Республикасынан – Польша Елшілігі экономика бөлімінің кеңесшісі Мечеслав Лапановский мырза, Испания корольдігінен – Төтенше және Өкілетті елші Альберто Антон Кортес және басқалар) болып қайтты.

2011 ж. – көрмелік Үлкен павильон салынды.

2011 ж. 23 сәуір – Ана мен бала аллеясының негізі қаланды.

2011 ж. 17 мамыр – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы поляк қонысының тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесерге Қазақстан мен Қырғызстандағы Польша Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Яцек Ключковски, Польша Республикасы Елшілігінің ғылым және мәдениет  мәселелері жөніндегі кеңесшісі Павел Есса, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

2011 жыл мамырының соңы – аюларға арналған вольер салынды.

2011 жылғы 2 маусым – қонжықтар жаңа вольерге қоныстандырылды.

2011 жылғы мамыр-маусым – мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Топ қайың аумағы абаттандырылды: алаңдары бар аллеялар қалыптастырылды және кеспетас төселді, сәндік қоршаулар, орындықтар, вазондар қойылды.

2011 жылғы 19 маусым – Солжағалық кешеннің көрмелік Үлкен және Кіші павильондарында экспозициялар ашылды.

2011 жылғы 22 шілде – мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің аумағында көпмақсатты кеңестік Ми-4 тікұшағы қойылды, ол 1950-ші жылдардың басында М.Л.Мильдің ОКБ-інде жасалған.

2011 жылғы шілденің соңы – Солжағалық этнографиялық кешендегі барлық қоныстарға қоршаулар орнатылды.

2011 жылғы 4 тамыз Шығыс Қазақстанның оқу орындарымен танысу мақсатымен Беларусь Республикасынан келген делегация мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болып қайтты.

2011 жылғы 25 тамыз Солжағалық кешенге І Халықаралық «Алтай – түрік әлемінің бесігі» форумына қатысушылар бас сұқты. Форумды облыстық әкімдік ТЮРКСОЙ түрік мәдениетінің халықаралық ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған.

2011 жылғы 26 тамыз – ҚР Конституциясы күні мен Өскемен қаласы күніне орай авиациялық техника көрмесі ашылды. Кешеннің бас кіреберісі жанында Ан-2 және Як-40 ұшақтары қосымша қойылды.

2011 жылғы 27 тамыз – Солжағалық кешенде халық жазушысы Ә.Кекілбаев болып қайтты.

2011 жылғы 30 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдауының стратегиясын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттық жұмыс аясында ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Дулатқызы Құрманғалиева мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болды.

2011 жылы – ІІ халықаралық «Қала ішіндегі мүсін-2011» симпозиумы мүсіндерінің аллеясы ашылды.

2012 жылғы 13 наурыз – Шығыс Қазақстан облысына танысу сапарымен келген Қазақстан Республикасындағы Украина Республикасы мен Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Олег Алексеевич Демин жұбайымен мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов және М.Горький көшелерінде орналасқан залдары мен  Солжағалық этнографиялық кешеніне ат басын тіреді.

2012 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Африка Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Шириш М.Сони мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болып қайтты, екінші рет – 2012 жылғы 13 тамызда болды.

2012 жылғы сәуір – көпес Михаил Шиляевтің ХХ ғасыр басындағы үйі – екіқабатты ағаш ғимарат қалпына келтірілді. Мұнда Солжағалық кешеннің қызметкерлері орналастырылды.

2012 жылғы сәуір – Зообақтың айналасындағы металл қоршауын баннерлермен сәндеу жұмысы аяқталды.

2012 жылғы 4 мамыр – Үлкен павильонда «Жалындаған Шығыс» көрмесі ашылды – онда Өзбекстан Республикасының белгілі шеберлері Сухроб Юсуповтың  керамикасы мен Нұрмұхамед Валиевтің жібек бұйымдары назарға ұсынылған.

2012 жылғы 7 мамыр – Солжағалық кешендегі көрмелік Кіші павильонда «Мұра және қазіргі заман» (қазақтардың дәстүрлі және заманауи сәндік-қолданбалы өнері) экспозициясы ашылды.

2012 жылғы мамыр – Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Ашока Кумар Шарма мен елшіліктің Бірінші хатшысы, Үнді мәдени орталығының директоры Винод Кумар мұражай-қорықта, Солжағалық кешенде болып қайтты.

2012 жылғы 22-25 мамыр – Нидерланды дамушы елдермен ынтымақтастық гуманитарлық институтының (НІYOS) қолдауындағы «Дешт-и-Арт» заманауи мәдениет орталығы (Қазақстан, Қарағанды), ШҚО мәдениет басқармасы, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы Солжағалық кешенде «Ашық Азия – Ашық мұражай», (Өскемен қаласы) атты ІІІ фестиваль өткізді.

2012 жылғы 6 маусым – Үлкен павильонда фотожурналист, суретші Алексей Мазнициннің «Менің өлкем, менің естелігім  және сенімім...» атты мерейтойлық дербес көрмесі ашылды.

2012 жылғы 11 маусым – Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің аумағында «Ауыл суреттемелері» атты экспозиция ашылды. Авторлары – А.И.Коробков, Н.М.Серова. Экспозиция композициясы: Бақташы; Іргелікте; Шәй ішу; Шабындықта; Саңырауқұлақ тергенде; Суға бару.

2012 жылғы 20 маусым – Түрік  Республикасының Бурса провинциясынан келген делегация жұмыс сапары барысында мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болды. Делегацияны провинция губернаторы Шахабеттин Харпут басқарды.

2012 жылғы 6 шілде – мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің аумағында қайық станциясы салтанатты түрде ашылды.

2012 жылғы 6 шілде – Балалардың көрмелік-ойын кешені (балалар қамалы бар) ашылды.

2012 жылғы 22 тамыз – ШҚО-ға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік хатшысы  Мұхтар Абырарұлы Құл-Мұхаммед мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болды.

2012 жылғы 22 тамыз – мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің аумағындағы балалардың «Ертегі елі» көрмелік-ойын кешенінде «Ғасырлар түкпірінен. Көне түріктердің мифологиялық әліппесі (қазақ тілін үйренушілерге көмек)» атты көрме ашылды.

2012 жылғы 9 қазан –  Қазақстан Республикасындағы Норвегияның Төтенше және Өкілетті елшісі мұражай-қорықта, Солжағалық кешенде болып қайтты.

2012 жылғы 17 қазан – Мұражай-қорықта Чехия Республикасының ресми делегациясы болды.

2012 жылы – «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» үйлену тойылық кешені салынды.

2012 жылы – ғылыми қызметкерлер мен техникалық қызметкерлерге арналған ғимарат (200 ш.м.) бой көтерді.

2012 жылы – 300 орынға арналған амфитеатры бар сахна құрылысы жүргізілді.

2013 жылғы 13 сәуір – корейлердің дәстүрлі «Ағаш отырғызу күні» мерекесі мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде өтті.

2013 жылғы 16 сәуір – ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болды.

2013 жылғы 27 сәуір – Солжағалық кешен аумағында Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы, сондай-ақ «Бір шаңырақ астында» атты Достық форумы өткізілді.

2013 жылғы 27 сәуір – «Өз еліңе қызмет ету құрметі үшін...» көрмесі ашылды, онда ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевқа шетел мемлекеттерінің аумақтары басшыларының, бауырлас қалалар мен халықаралық ұйымдар, қорлар басшыларының, компаниялар жетекшілерінің берген сыйлықтары назарға ұсынылған.

2013 жылғы 30 сәуір – мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек болып қайтты.

2013 жылғы 3 мамыр – Павлодар облысынан өңірдің бірінші басшысы Ерлан Арын басқарған делегация мұражай-қорықта болды.

2013 жылғы 3 мамыр – Солжағалық  кешен аумағындағы Үлкен павильонда Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің атсалысуымен «Мәдениет қанатында...» атты көрме ашылды.

2013 жылғы 5 мамыр – Мұражай-қорықтың Солжағалық  этнографиялық кешенінің аумағында орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері Достық үйінің славян этномәдени бірлестіктері үшін  «Қызыл төбе» мерекесінде көктемгі хороводтар өткізе отырып, «Пасхалық қыдырулар» ұйымдастырды.

2013 жылғы 18 мамыр - Мұражай-қорықтың Солжағалық  кешенінде мұражай қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті.

2013 жылғы 28 мамыр – Мұражай-қорықтың  көрме-ойын кешенінің Балалар қамалында балалар шығармашылығының «Акварелька», cтудиясымен бірлескен Өскемен қаласы білім бөлімінің қолдауымен «Ертегіде қонақта» атты көрмесі ашылды. Көрме балалар шығармашылығы бойынша жыл сайын өткізілетін «Кенгуренок» атты конкурс аясында ұйымдастырылды.

2013 жылғы 28 мамыр – Мұражай-қорықтың  көрме-ойын кешенінің Балалар қамалында «Балалар қиялының әлемі» көрмесі ашылды (мұражай-қорық қорындағы ойыншықтар коллекциясы.)

2013 жылғы 28 мамыр - Солжағалық  көрме-ойын кешенінің Балалар қамалында «Алтын сақа» экспозициясы ашылды.

2013 жылғы 30 мамыр - Мұражай-қорықтың  Шеберлер қаласында «Мектеп ұстаздарының ісмер қолдары» көрмесі ашылды, онда Өскемен қаласы мен облыс мектептерінің оқытушылары – еңбек пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің  жұмыстары қойылды.

2013 жылғы 6 маусым - Қытай Халық Республикасының  Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Чжоу Ли мұражай-қорықта болып, Қ.Қайсенов көшесінде орналасқан ғимараттағы «Біз – Қазақстан халқымыз» атты экспозициямен танысты. Елші сонымен қатар Солжағалық  кешен аумағындағы Үлкен павильонда Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің көмегімен мұражай-қорық ұйымдастырған «Мәдениет қанатында...» атты көрменің салтанатты түрде ашылуына қатысты

2013 жылғы 20 маусым Мұражай-қорықтың Солжағалық  кешенінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б.А. Сағынтаев болып қайтты.

2013 жылғы 22 маусым - Мұражай-қорықтың Солжағалық  кешенінің Бас қақпасынан бастап кешен аумағы бойынша екі вагоншасы бар резина доңғалақты екі паровоз жүре бастады.

2013 жылғы 30 маусым – «Жібек жолы» экспозициясында паровоздар жүруге арналған асфальт жол салу жұмысы аяқталды.

2013 жылғы 5 шілде - Мұражай-қорықтың Солжағалық  этнографиялық кешенінің аумағындағы Үлкен павильонда дизайнер, стилист-үлгіші  Евгения Михайловна Бражникованың авторлық костюмдерінің  «Менің мәңгі гүлдеп тұрған бағым…» атты көрме ашылды.

2013 жылғы 9 шілде - Мұражай-қорықтың Солжағалық  кешеніндегі Үлкен павильонда өскемендік фотосуретші Сергей Смирновтың ретроспективалық дербес көрмесі ашылды.

2013 жылғы 15 шілде – «Көгілдір көлдер» жағажайын абаттандыру аяқталды.

2013 жылғы 26 тамыз - Мұражай-қорықтың Солжағалық  кешенінде Казахстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов, ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісов, ғалымдар, тюркологтар, мәдениет және өнер қайраткерлері болып қайтты.

2013 жылғы 14 қыркүйек - Мұражай-қорықтың Солжағалық  кешенінің аумағында «Жібек жолы» саябағы ашылды.

2013 жылғы 14 қыркүйек - «Өнерлер каравелласы» көрмесі ашылды (Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайының қорындағы Шығыс Қазақстан мен Ресей суретшілерінің туындылары, Өскемен қаласының жас натуралистер станциясы оқушыларының жасаған кемелердің, яхталардың және катерлердің үлгілері мен  ШҚО бойынша ТЖБ департаментіндегі желкенді қайықтар үлгілерінің коллекциясы).

2013 жылғы 28 қыркүйек – Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде Бүкілдүниежүзілік Туризм күніне арналған іс-шаралар өтті.

2013 жылғы 14 қазан – Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде Қазақстанның ауыл жастарының Бірінші Халықаралық Конгресі өтті. Оған Белорусси,Түркия, Ресей, Вьетнам, Қытай, Корея делегациялары қатысты. Когрестің жұмысына ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев, ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов қатысты.

2013 жылғы 25 қазан - Алтай өлкесінің  әкімшілігі мен Шығыс Қазақстан  облысының әкімдігі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру аясында Ресей Федерациясындағы Алтай өлкесінің губернатор Александр Карлин бастаған делегациясы мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болып қайтты. Қонақтар мұражай-қорықтың Солжағалық этнографилық кешенін құру және қызмет ету тәжірибесімен танысты.





Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …