• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
Жамбыл саябағы
Жамбыл саябағы

Ж. Жабаевқа жаңадан ескерткіш ашылды

2019 жылғы 14 қарашада "Рухани жаңғыру" жалпыұлттық бағдарламасын іске асыру аясында Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы саябақта қазақ халқының ұлы ақыны  Жамбыл Жабаев ескерткішінің салтанатты ашылуы болып өтті.

 

2011 жылғы 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мұражай-қорықтың Жамбыл атындағы саябағы аумағында Өскемен қаласының ең жас тұрғындары үшін «Құс Жолы» қайырымдылық қоры және Қазкоммерцбанк балалар алаңқайын ашты.

 

 

 

 

 

Мүсіндер

 

Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы, Суретшілер үйі ұйымдастырған «Мүсін, тас, ағаш» (1989 ж.) бүкілодақтық симпозиумына қатысушылардың мүсіндері.

 

Жамбыл атындағы саябақты Өскемен қаласы әкімшілігінің қарамағына табыстау туралы

ШҚО қаржы басқармасының бастығы А.Құрманғалиевтің 2009 жылғы 17 ақпандағы № П-96 (к) бұйрығымен Жамбыл атындағы саябақ мұражай-қорықтың балансынан Өскемен қаласы әкімшілігінің қарамағына тапсырылды.

Келесі жылы ШҚО қаржы   басқармасының бастығы А.Құрманғалиевтің 2010 жылғы 12 қаңтардағы  № П-8 (к) бұйрығымен қайтадан мұражай-қорықтың балансына тапсырылды.

 

Саябақ тарихы

Саябақ негізі 1899 жылы қаланған.

Бұған дейін Шөп базары болған, онда шөп, ағаш, мал сатылған. Қалалық баққа ағаш отырғызу 1902 жылы аяқталған, бақ ағаш қашамен қоршалған. Кейіннен, Кеңес өкіметі кезінде бақ «Юбилейный» кинотеатрына қарай кеңейтілген.

 

Жамбыл ескерткішінің ашылуы

2007 жылғы 30 тамызда Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру аясында Жамбыл атындағы саябақта қазақ халқының ұлы перзенті Жамбыл Жабаевқа кеуіт ескерткіш салтанатты түрде ашылды.

Ж.Жабаев (1846 – 1945) – халық ақыны. Жас кезінен бастап айтыстарға қатысып жүрген. 16-17 жасында-ақ көпшілікке танымал бола бастады. Қазақ фольклоры қазынасына қанық болған. Балалық шағынан бастап «Қобыланды», «Алпамыс» жырларын, қырғыз эпосы «Манасты және басқаларды жатқа біліп, олардан үзінділер айтып жүрген. Жас кезінен бастап-ақ еңбекші халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүретін, өзінің жалынды өлеңдерінде бай-манаптардың, феодалдардың, билік, дін басындағылардың келеңсіз іс-әрекеттерін әшкереледі.

 


Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …