• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Киімі

ӘЙЕЛДЕР КИІМІ

Әйелдер киімінің түрлері ерлердікіне қарағанда көбірек және жасына қарай ерекшеліктері болған. Әйелдердің ішкі киімі көйлек пен дамбалдан тұрған. Сырт көйлекті жеңіл матадан тіккен, оның пішімі туника тәріздес болып келген.

ХІХ ғасырдың соңында ескі үлгіні біртіндеп ысырып шығарған жаңа үлгідегі көйлектер пайда болды. Көйлектерді кеудешелі етіп және етегі белден қиылып жасай бастады.

 

Қыздардың бүрмелі көйлегі де сол кезде пайда болды және  оларды тұрмысқа шыққан жас келіншектер де киген. Бай әйелдер киімді жібектен, атластан, барқыттан, қамқадан тіккен. Ортаазиялық жібектерді, ал шығыста –   қытайдікін таңдаған. Жастар көйлектердің кеуде ойындысының төңірегіне, етегіне, жеңінің ұшына кесте, жапсырма салып сәндеген. ХІХ ғасырдың екінші жартысында зермен өңдеу кең етек алды.

Қазақ әйелдері көйлектің сыртынан камзол киген, олар көбіне жеңсіз болған. Камзолды барқыттан және басқа маталардан тіккен, оны ілгегі мен ілмегі бар  күміс қапсырмамен қапсырған.

Әйелдердің әдеттегі және ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді, түзу тігісті  кең шапан.

Бас киімдер әйелдердің отбасы жағдайын білдіретін. Қыздардың бас киімі – кепеш кестемен сәнделіп, төбесіне тұмар ретінде бір шоқ үкі тағылатын.

Тұрмысқа шығатын кезде киетін, сәнделуі  жағынан бай келген сәукеле – орташа биіктігі 70 см шамасындағы конус тәріздес бас киім. Сәукелеге  күміс пластиналар тігіліп, жиегіне үлбір жапсырылатын, сондай-ақ кестемен, зермен, маржанмен әшекейленді.

Кимешек – тұрмыстағы әйелдің  бірінші балаға босанғаннан кейін киетін бас киімі. Ол шаршы матадан бетке арналған ойынды жасап пішіледі.

Әйелдердің аяқ киімі ерлердікінен ерекшеленбеген.  Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік – шоңқайма етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелісін киген, бірақ көбіне мәсі және оның сыртынан былғары кебіс кигенді тәуір көрген.

 

ЕРЛЕР КИІМІ

 

Жоғары Ертіс өңірінің қазақтары жейде, оның сыртынан бешпет, камзол киген. Оларды мақта матадан немесе жүннен тоқылған матадан, мақпалдан, барқыттан тіккен. ХІХ ғасырдағы – ХХ ғасыр басындағы ерлер киімінің ішіндегі ең көп тарағаны – ұзын және кең жеңді мол пішілген шапан.

Тұлып тон – қыстық сырт киім. Оны қой терілерінен жүнін ішіне қаратып жасаған. Байлар оны қырқылмаған қозы терісі – сеңсеңнен тіккен. Сондай-ақ түлкі, қасқыр терісін және басқа да бағалы аң терілерін матамен тыстап тігілетін ішік тондар да кең тараған.

Сыртқы шалбарлар мақта матадан немесе жүн матадан тігілген. Қысқы шалбар ешкі терісінен тігілген. Байлардың мұндай тері шалбарлары жібекпен, оюмен сәнделген.

Ерлердің бас киімінен ою-өрнек салынған тақияны, түрлі-түсті мәуіті, барқыт жолақтармен сәнделген, ал байларда – жібекпен және "алтынмен" тігіп кестеленген жұқа киіз қалпақтарды атап өткен жөн.  Жылы бас киімдерден қой жүнінен астары бар бөріктер кеңірек тараған, сонымен бірге негізі киізден жасалып, матамен тысталған, терімен жұрындалған тымақтың алатын орны ерекше. Елтірі әдіптер,  ал ауқаттыларда  түлкі терісінен жасалған әдіптер басым келген.

Қазақ шеберлерінің тіккен етіктері мықты болған.  Қысқы саптама етіктер үшін арнайы киіз байпақтар тігілген.  Жазғы мәсілер жеңіл әрі жайлы болып келген.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …