• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Көшпелі мал шаруашылығы

Төңкеріске дейінгі кезде қазақтардың шаруашылығының басты саласы мал өсіру болды. Қазақтардың негізгі байлығын қой мен жылқы құрайтын. Көшпелі қазақтың дәулеті мен атағы жылқысының санымен өлшеніп, есептелетін. Жылқының шаруашылықтық маңызы зор болғандықтан көшпенділер үшін оның алатын орны ерекше. Бәрінен бұрын жылқы төзімді әрі жыл бойы жайылып шығуға бейімді жануар болып табылады. Жылқы өсіру көшпелі шаруашылық  жүргізуге аса ыңғайлы етті. Жылқы көшпендіге жаз мезгілінде жақсы сақталатын дәмді де жұғымды ет, көне замандардан күні бүгінге дейін жеткен сүйікті сусынымыз – қымыз әзірленетін сүт, көшпендіге өте қажетті берік арқан есуге керекті қыл, аяқ киім үшін былғары беретін.

Қонақтарға, әсіресе құрметті қонақтарға, тартылатын ең құрметті ас жылқы еті саналатын.

Жылқы әрі құндылық өлшемі ретінде есептелетін: ол қалыңдық үшін төленетін қалыңмалдың құрамына міндетті түрде енетін, бәйгеде бағалы жүлде болып табылатын. Көшпендінің байлығы оның қолындағы жылқысының санына парапар келетін.

Қой ет пен сүт берген, терісінен киім тігілген, жүні киіз бен шекпен жасауға қолданылған. Тіпті қыстық отынның басым бөлігі қойдың қиынан дайындалды (яғни көшпелі шаруашылықта қалдық болмаған, бұдан, әрине, біздің ата-бабамыздың даналығы, тапқырлығы, шаруаға ептілігі көрініс береді).

Қазақтар өз шаруашылығында түйе мен ірі қара малды тым көп ұстамаған. Түйелер алыс жерлерге көшіп-қону кезінде таптырмас көлік күші болғандықтан, оларды жұмысқа пайдаланатын мал ретінде өсірген. Жоғары сапалы түйе жүні киім тоқуға жұмсалса, сүтінен шұбат әзірленген.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …