• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары
Жаңалықтары

«От өзегінен өрілген керамика»

Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде

Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.

Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.

Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.

Қосымша фотосурет ...

 «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»

Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.

Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.

Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.

Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.

Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.

Қосымша фотосурет ...



«Абай Құнанбайұлы (1845-1904)» және «Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)». 2018

Рухани жанғыру2018 жылғы 18 сәуірде сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің қызметкерлері Кашаку Гүлжан мен Карчалова Әсел Белоусовка кентіндегі негізгі мектеп оқушыларына «Абай Құнанбайұлы (1845-1904)» және «Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)» тақырыптарындағы жылжымалы көрмелер ұсынды.

Көрмелер Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына арналып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

 5 «А», «Б», «В»; 6 «А», «Б», «В»; 7 «А»; 8 «А»; 9 «А» және «Б» сыныптарының оқушылары үшін «Абай Құнанбайұлы (1845-1904)» және «Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)» тақырыптарында лекциялар оқылды.

 

Ғашықтар күніне орай. «Қазақ және орыс дәстүрлеріндегі махаббат туралы жырлар». 2018

«Сыйлықты өз қолыңмен жаса» конкурсы

Рухани жанғыру2018 жылғы 16 сәуірде ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі  Қозы көрпеш пен Баян сұлу, Петр мен Феврония мысалында қазақ және орыс халықтарының махаббат және отбасылық құндылықтары туралы іс-шара өткізді.Ол Өскемен қаласындағы № 27 мектептің оқушылары үшін өткізілген болатын.

Іс-шарада махаббат туралы өлеңдер оқылып,  конкурстар, сондай-ақ «Жұпты ата», «Бұлақ», «Бақытты жүрек»,  «Романтик-ақын» деген  ойындар ұйымдастырылды, әдеби кейіпкерлер туралы сұрақтары бар викторина өткізіліп, жұмбақтар жасырылды.

 

 

Төлеу Көбдіковтің өмірі мен шығармашылығы (қор топтамасы негізінде). 2018

Рухани жанғыру2018 жылғы 10 сәуірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шар қаласындағы Т.Көбдіков атындағы орта мектепте «Алмас тіл асыл сөзден нақыс салып» тақырыбында мектепттік конференция өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары: Халық ақыны Төлеу Көбдіковтің ұрпақтары, абайтанушы А.Қ. Омаров, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің қызметкерлері.

 

Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы. 2018

Рухани жанғыру2018 жылғы 16 сәуірде  сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің қызметкерлері Ахмер орта мектебінің 11 «А» сыныбының оқушыларына «Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында лекция оқыды. Лекция «Ұлттық ғашықтар күні» мерекесіне орай оқылды.

2011 жылдан бері Қазақстанда 15 сәуір –  «Ұлттық ғашықтар күні» мерекесі болып аталады. Мереке жыл мезгілдері ішіндегі ең бір романтикалық кезең – көктемге сай келеді. Ол «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосына негізделген, таза және сұлу ғашықтық сезімін көрсетуге шақырады.

Қозы КөрпешБаян Сұлу – XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры. Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Кеңестік дәуірде жырдың Жанақ нұсқасын 1936 жылы Мұхтар Әуезов Алматыда шығарды.

 

 

Пасха мерекесіне арналған жәрмеңке-көрме. 2018

Рухани жанғыру

2018 жылғы 8 сәуірде Достық Үйінде – ШҚО қоғамдық келісім үйінде халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері Р.Ш. Мұхамеджанова мен М.А.Бемм Өскемен қаласының сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының Пасха мейрамына арналған көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырып, өткізді. Жәрмеңкеге 14 шебер қатысып, өздері жасаған бұйымдарын (шпоннан, матадан жасалған бұйымдар, тоқыма бұйымдар, жұмсақ ойыншықтар, бижутерия мен т. б.) келушілер назарына ұсынды.

 

Экология мәселелеріне бағытталған жаңа қадамдар. 2018

Рухани жанғыру

Музей-қорықтың экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері өткізіп келе жатқан әңгімелер мен лекциялардың басым бағыттары Шығыс Қазақстанның табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар тақырыптарынан тұрады.

 Сектор облысымыздың экологиясына қатысты мәселелерге жаңа қадам жасауды жаңғыртумен айналысады. Соған орай аталған шаруа оң шешім табуы үшін оған барлық жастағы адамдарды тартады. Сектор қызметкерлері мектептер мен колледждерге және жоғары оқу орындарына барып, оларды Головков көшесіндегі виртуалды музейге шақырады. Ал көктем мен жаз айларында экологиялық экспозиция орын тепкен Солжағалық кешеннің үлкен  павильонында және музей-қорық бақтарында – тұп-тура табиғат аясында өңіріміздің фаунасы мен флорасы туралы қызықты әңгімелер өткізіледі.

 

Наурыз баршаның басын қосты! 2018

Рухани жанғыруВсех объединил Наурыз! 2018Всех объединил Наурыз! 2018

Музей-қорық қала бойынша ерекше тойланып өткен Наурыз мерекесін өткізуге атсалысты.

Көгілдір көктеммен ілесе келетін жыл басы мерекесі қалыптасқан дәстүр бойынша Республика алаңында болып өтті. Мерекеден бір күн бұрын, 21 наурыз күні музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері алаңда киіз үй тігіп, онда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы латын тіліндегі кітаптардың көшпелі көрмесін ұйымдастырды. Ол кітаптар Семейдің Абай атындағы кітапханасынан әкелінген еді. Олардың  қатарында Абайдың «Қара сөздері», С. Мұқановтың, Б. Майлиннің, С. Сейфуллин мен  Ж. Жабаевтың, сондай-ақ, Н. Гогольдің және басқалардың латын тілінде жарық көрген шығармалары бар. Өскемендегі А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана директорының кітапханалық жұмыстар  жөніндегі орынбасары Бақыт Әбенованың сөзіне қарағанда, бұл шығарылымдардың барлығы да цифрландырылған және оларды іздейтіндер болып жатса, Қазақстанның Ұлттық кітапханасы мен Семейдің Абай атындағы кітапханаларының сайтынан таба алады.

 

Қазақстанның виртуалды музейі құрылады. 2018

Исследование материалов по истории и культуре немцевИсследование материалов по истории и культуре немцев

Музей-қорықтың қорындағы жәдігерлер туралы ақпарат Қазақстан Республикасының музейлеріндегі неміс тарихы мен мәдениеті жөніндегі колллекциялардың Тізбесіне енгізіледі.

Тізбені құрастыру ісімен Алматыдағы «Возрождение» неміс мәдени-этникалық қоғамы  шұғылдануда, оның қызметкерлері Шығыс Қазақстанға жасаған этномәдени  экспедиция кезінде музей-қорыққа ат басын тіреген болатын. Экспедиция мүшесі,  тарихшы  Елена Хабарованың түсіндіруінше Қазақстандағы  белгілі бір облыс аумағында тұрып жатқан немістердің тарихы мен мәдениеті жөніндегі этнографиялық коллекциялар,  заттар қоры мен фотодеректік материал  ерекше қызығушылық тудыруда.  Зерттеушілердің пікірі бойынша музей-қорықта неміс халқының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу үшін өзіндік құндылыққа ие сирек жәдігерлер сақталған. Мәселен, 1861 жылдан бастап шығарылған «Кішкентай балаларға арналған мектептік жаршының» 1910 жылғы кітаптарын, сондай-ақ үйленутойылық  көйлектер мен гүлтәждер коллекциясын солардың қатарына  жатқызуға болады. Сондай үйленутойылық көйлектердің бірін Большенарым ауданының тұрғыны, 1937 жылы дүниеге келген М.И.Мильдонбергер тапсырған.  Мария Ивановна көйлекті 1957 жылы өзінің тойына арнап тіккен, ал 1991 жылы оны музей-қорыққа сыйлаған екен.

 

Алғыс айту күнін мерекелеуге орайластырылған «Сіздерге деген махаббатпен, қадірменді жерлестер» атты іс-шара. 2018

2018 жылдың 1 наурызы күні халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері М.А. Бемм мен М.А. Торайғырова «Ульба» қалалық тұрғындарғы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан көмек алатындар үшін Алғыс айту күнін мерекелеуге орайластырылған «Сіздерге деген махаббатпен, қадірменді жерлестер» атты іс-шара өткізді. Тыңдаушылар іс-шара барысында шығысқазақстандық сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарынан тұратын «Шығармашылық қуанышы» атты көрмемен танысып, сол бойынша лекция тыңдады. Іс-шараға 62 адам қатысты.

 

Азаматтарды қазақстандық қоғамды бірегей рухани және адамгершілік құндылықтарға тартуға бағыттай отырып, орыс мәдениетін, тілін және ұлттық салт-дәстүрін сақтау. 2018

2018 жылдың 27 ақпаны күні сағат 15 пен 17 аралығында ШҚО халқының Достық үйінде мәдениет және БАҚ өкілдері «Азаматтарды қазақстандық қоғамды бірегей рухани және адамгершілік құндылықтарға тартуға бағыттай отырып, орыс мәдениетін,  тілін және ұлттық салт-дәстүрін сақтау» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері (В.Черкашина мен Р.Мұхамеджанова) орыс қолөнерінен жасалған бұйымдардың көрмесін ұйымдастырды. Онда тоз қораптар, ағаш бездері,  өрнек салынған сауыттар, ойып жасалған кәдесыйлар, қоға мен шпоннан жасалған себеттер, киіз панно мен қайың қабығынан тұратын картиналар қойылды.

 


Страница 26 из 45

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пользователи : 3
Статьи : 3185
Просмотры материалов : 39915528

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...